Орта Азиядағы такси харассментінің жазасыздығы мен шарасыздығы
Бұл аймақтағы такси қауіпсіздігі жайлы ақпараттық кампания аясында өткізілген онлайн-сауалнаманың нәтижелері.

Көп жағдайда А нүктесінен Б нүктесіне жету жолында қыздар опасыз әрі ұят әзілдер мен тұспалдардың, танысу жайлы ұсыныстар мен жүргізуші тарапынан орын алатын қалаудан тыс физикалық тиісулердің куәгері не нысаны болады.

Орта Азия таксиіндегі қолсұғушылық мәселелесінің мән-жайы неде екенін CABAR.asia материалында оқыңыз.
Харассмент – бұл субординация мен жеке шекаралардың бұзылуы, тиісулер, қорлау мен жеке өмір қол сұғылмаушылығын бұзу. Ол физикалық (еріксіз тиісулер, сүюлер, құшақтау мен сипалау) тұрғыдан да, вербалды (анайы немесе тіл тигізулер, жыныстық қатынасқа қатысты әртүрлі тұспал сөздер және т.б.) түрде де болуы мүмкін.
4 мемлекеттен
113 оқиға
4 мемлекеттен
113 оқиға
Орта Азиядағы такси қауіпсіздігі жайлы онлайн-сауалнаманың қорытындысы
Біз сауалнаманы қалай жүргіздік?
Сауалнама мақсаты:
Орта Азиядағы әйелдердің таксиде алымсақтыққа (қол салуға) ұшырау жиілігін анықтау.

Міндеттері:
  1. Орта Азияда алымсақтыққа тап болған әйелдер пайызын анықтау.
  2. Орта Азиядағы әйелдердің қанша пайызы таксидегі қол салуға тап болғанын анықтау.
  3. Әйелдерге бағытталған харассменттің көп жағдайда қай түрде бой көрсететінін анықтау.
  4. Таксиде әйелдердің қаншалықты жиі қысым көретінін анықтау.
  5. Әйелдердің көп жағдайда таксидегі харассментке қалай жауап беретінін анықтау.
  6. Әйелдердің таксидегі харассменттен кейін не істейтінін анықтау.
Сауалнама географиясы

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан.
Дайындық уақыты немесе ұзақтығы
Сауалнама 2020 жылдың 7 қазанынан 7 қарашасына дейін. Сауалнама аралас сұрақтан тұрды.
Сауалнамалар

Бес тілде берілді (орыс, қазақ, тәжік, қырғыз және өзбек тілдері)
Тарату арналары

Сауалнамалар CABAR.asia-ның әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, Telegram) ресми арналары арқылы әрі ортаазиялық блогерлер арқылы таратылды.
Онлайн-сауалнама іріктеуі
Біздің сауалнаманың мақсатты аудиториясы Орта Азиядағы такси қызметін қолданатын кез келген жас санатындағы әйелдер.

Шектеулер
Сауалнама такси қызметін қолданатын, бірақ интернетке қолжетімсіз адамдар пікірін көрсетпейді. Сауалнамаға Орта Азия қалаларының тұрғындары қатысты.

Орта Азия мемлекеттерінен сауалнамаға қатысқан адамдардың жалпы саны – 400.

Негізінен сауалнамаға қатысқан адамдардың жасы 18-28 жас аралығында.


Жыныс бойынша іріктеу

Сауалнаманы 22 ер азамат қатысты .

Сұрақтарға жауап берген ер азаматтардың бөлігі 5 %, ал солардың ішіндегі тек 1 %-ы ғана ауыз-екі формадағы харассментке тап болған. Ол көбіне жолаушының жеке өмірі жайлы артық сұрақтар қою түрінде көрінген. Сауалнамалар анализі ер азаматтар көбіне өз жақындарын таксиде жалғыз жіберуге қорыққандықтан, шығарып салатынын көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 62%-ы 18-28 жас аралығында
Домогательства
по отношению к женщинам
в Центральной Азии
Әйелдердің 71 %-ы өмірінде харассментке тап болғанын айтты. Ал әйелдердің 81%-ы алымсақтық таксиде орнағанын атап өтті. Харассмент көбіне ауызша (жеке өмір жайлы сұрақтар, танысу мақсатында жасалған тоқтаусыз әрекеттер, одан өзге анайы, тұрпайы ұсыныстар мен пікірлер).
Орта есеппен әйелдер үшін таксидегі әрбір 20 сапар көліктегі қол салумен аяқталады. Көп жағдайда әйелдер алымсақтыққа қандай әрекет таныту керектігін білмейді. Сондықтан сапар соңына дейін үндемегенді жөн санайды. Ал сапар аяқталғаннан кейін болған жайт туралы ұмытуға тырысады. Ең қызығы, қыздар таксистер көбінесе жеке өмір жайлы сауалдатып, танысуға тырысатынын, ал бас тартқан жағдайда есіктерді бұғаттайтынын айтты.
Таксиде алымсақтыққа тап болғанда не істеген жөн?
Орта Азиядағы әйелдер таксидегі алымсақтықтан кейін полицияға жүгінбегенді жөн көреді. Болған оқиғадан кейін қыздардың тек қана 4,3 %-ы ғана полицияға баруды жөн санаған. Ал қалғандарының бәрі болған жайтты ұмытуға тырысқан. Бұл Орта Азияда таксилеріндегі алымсақтық жайлы ақпараттық кампания аясындағы сауалнама қорытындысы.

Сарапшылардың айтуынша, егер қыз құқық қорғау органдарына жүгінсе, құқық қорғау органдарының өздерінің осы іспеттес істерді қарастыруға деген қызығушылықтары төмен. Десек те әрбір жыныстық харассментке тап болған адам тарапына құқық қорғау органдарына бару құқығы бекітіледі. Ал егер нақтыласақ, полиция немесе милиция басқармасына арнайы арыз жазу құқығы.
«Тұлғаның белгілі бір сексуалдық сипаттағы әрекеттерден жәбір көргенін дәлелдеу үшін дсол уақытта таксиде болған жағдай айғақтарының санын барынша арттыру керек. Қандай оқиғалар орын алғанын, олардың қайсысы жүргізушә тарапынан болғанын. Егер сіз такси шақыруға арналған арнайы қосымшаны қолданған болсаңыз, аталмыш ұйымның басшылығына жүргізуші тарапынан сексуалдық астары бар, алымсақтықпен бой көрсеткен, тұрпайы әрі көргенсіз өрескел қате болғандығы туралы арыз жазу керек. Жолаушыға физикалық тұрғыдан қол тигізу болуы мұмкін, бәлкім ол көргенсіз әрекет көлік жүріп бара жатқан кезде жүргізуші ұятсыз суреттер, видеолар көріп жатуы мүмкін. Ондай арызбен міндетті түрде полицияға шағымданған жөн», - деп атап өтті заңгер Динара Жубатова.
Егер жолаушының сапар барысында бар дәлелдердің бәрін барынша тіркеп алу мүмкіндігі болса, солай істеген жөн: бәрін видеоға таспалау, аудиожазба ретінде тіркеу әрі жанында куәгерлер болса, оларды куәгерлік жауап беруді өтіну. Осы орайда Қылмыстық кодекстің нормалары тек қана жүргізуші жыныстық қатынасқа түскісі келетінін ашық айтқан жағдайда ғана жауапкершілікке тартылуды қарастырады.

«Егер ол ондай ниет білдіруге тырыспаса, егерде жолаушыға онымен жыныстық қатынасқа түскісі келетінін ашық түрде жарияламаса, онда ол әрекеттің барлығы тек қана ұсақ бұзақылық болып есептіледі», - дейді сарапшы.
Ұсыныстар: таксиде өз қауіпсідігіңізді қамтамасыз ету жолдары
1
Көшеде көлік ұстамаған абзал. Ресми таксиге қоңырау шалған дұрыс, бірақ егер такси қызметі арқылы сізге сенім тудырмайтын жүргізуші келсе, сапардан бас тартқан дұрыс.
2
Салонға отырмас бұрын, көлік нөмірін суретке түсіріңіз, сондай-ақ жақын адамыңыздан біреуді теріп, жүргізуші мұны есту үшін көлік нөмірін қатты дауыстап айтыңыз.
3
Егер жүргізуші сізбен сөйлесуге немесе әзіл айтуға тырысса, онымен сөйлеспеңіз, — әңгімені өрбіткіңіз келмейтінін көрсетіңіз.
4
Тек қана артқы орындыққа отыруға тырысыңыз.
5
Егер жүргізуші біреуді жол-жөнекей алғысы келсе, досына не гаражға бірер минутқа соғып кеткісі келсе, онда ешбір себеппен ондай шартқа келіспеңіз.
6
Өз телефоныңызға GPS-навигатор жүктеп алыңыз, сапарды бақылап отырыңыз әрі өзіңіздің белсенді геолокацияңызды жақын адамыңызға жіберіңіз. Егер жүргізушінің бағытты ұстанбай жатқанын байқасаңыз, онда одан түсініктеме сұраңыз немесе көлікті тоқтатуын талап етіңіз.
7
Өзіңізді қорғай алу үшін газ баллоншасын не электрошокер алып алыңыз. Дегенмен заң бойынша адам өзін қорғаған жағдайда өзін қорғау үшін қажет әрекеттер санатын арттыра алмайды.

Психологиялық көмек маңызды.

Сауалнама нәтижесі бойынша Орта Азиядағы әйелдердің тек 2%-ы ғана таксиде қысым көрсету, алымсақтық оқиғасынан кейін психологиялық көмек сұраған.

Сарапшылардың көмегін тасада қалдырмаған жөн, себебі алымсақтықтан кейінгі жарақаттар посттравматикалы стрестік бұзылу (ПТСБ) дамуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан егер сіз қорқыныш, үрей, ұят, жалғыздық не өзге де жағымсыз эмоциялар мен естеліктерге берілсеңіз, психологиялық көмекке жүгіну маңызы зор.
Лонгридке үлес қосқандар:
Авторлар:
Зульфия Раисова,
Назигуль Жусупова,
Мазхаб Джумъа,
Ирина Матвиенко
Лонгрид редакторы:
Наталья Ли

Идея авторлары:
Зульфия Раисова
Дастан Аққожа
Оқиғаларды жинаумен айналысқандар:
Исмаил Карыпов,
Фарангис Давронова,
Вера Сухина,
Анастасия Черепанова,
Дастан Аққожа,
Кирилл Флаймен,
Мөлдір Албан
Иллюстрации:
Насиба Каримова

Верстка:
Карина Толмачева
Лонгрид "Орта Азиядағы такси қауіпсіздігі" ақпараттық кампаниясы аясында шыққан