Қазақстан:
Жазалауға не зорлауға болмайды
«Ол есікті бұғаттап тастады».
«Театрдан үйіме таксимен бара жатқанмын. Әдетте мен анаммен және оның құрбысымен автобус арқылы қайтатынмын. Бірақ осы жолы олардың бағыты басқа болғандықтан, маған көлік тоқтатып берді.Біз аман-есен жеттік. Менің театрым, оның отбасысы туралы сөйлестік. Діттеген жерге жеткен кезде таксист жол ақысын аламын деп артқа қарады. Сол сәтте менің бетімді көрді (терім бөртпелерге толы, мәселелері көп еді).

Сол кезде бүкіл қызық басталды:

- Сенің безеулерің көп екен, - деді жүргізуші.
- Иә, оны білемін, - деп жауап қаттым.
- Ал оларды қалай емдеуге болатынын білесің бе? Мен бір амалын кеңес ретіндей айта аламын, - деген сұрақ қойды.
- Иә, айта беріңіз, - дедім.
Жүргізуші: «Еркек пен әйел төсектес болып, еркек әйелдің ішіне бітіргенде гармондар ауысып, ол терінің жақсаруына көмектеседі», - деп жауап берді.

Мен шығуға тырысып, есікті итеріп жібердім. Онымнан түк шықпады. Ол есіктерді бұғаттады.

- Егер қаласаң, саған бұл істе көмектесе аламын, -деп ұсынды жүргізуші.
- Жоқ, рақмет, қажет емес, - деп оның көмегінен бас тарттым.

Жүргізуші: «Қоя берсейші, бірден жақсарып қаласың», - деген жауап қайтарды.

Ол мені тек қана оның телефон нөмерін жазып алғаннан кейін ғана шығарды. Оны бірден өшіріп тастадым. Сол кезде соның барлығын ата-анама айтып, нөмерін сақтап қалғанымда, бірге милицияға бара алатынымызды енді ғана түсініп жатырмын».
Бұл Орта Азиядағы таксиде орнайтын қол салулар жайлы ақпараттық кампания барысында анонимді сауалнамада бөліскен жүздеген оқиғалардың бірі ғана.
Қазақстанда қоғамдық орындардағы алымсақтық үшін қандай жаза қолданады?
Қыздар таксидегі алымсақтықты күнделікті көріп жатады. Бірақ оны дәлелдеу қиын болғандықтан, қыздар полицияға бармауды жөн санайды. Ал егер барып жатса да, дәлел болмағандықтан кінәлі адамды жауапкершілікке тарта алмайды.

Аяжан Ойратова
Сурет: жеке мұрағат
«Тіпті жолаушылар полицияға жүгінсе де, таксидегі тиісуді әрең дегенде «Ұсақ бұзақылық» бабына жатқызуға болады. Себебі Есенжолова Клавдия пікірінше, тек маршруттық такси ғана қоғамдық орын болып есептелінеді. Қазір заңда қоғамдық орындар деген сөздің нақты анықтамасы жоқ. Осындай арыздардың тіркелмеу себебі де осы. Одан кейін жәбірленушілерде әдетте оларға қол салғанын көрсететін дәлел де болмайды. Адамдар таксиге тиісулер мен түсірілімге дайындалу үшін емес, өздерінің ойындағы жерге жету үшін отырады», - деп "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ-ның бағдарламалар үйлестірушісі, Аяжан Ойратова атап өтті.
ӘҚБтК сәйкес қорлап тиісу 434 бап бойынша «Ұсақ бұзақылық» деп саналады. Оны бұзған жағдайда 5 АЕП (32,26 АҚШ доллары) айыппұл немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамақ жазасы қолданылады. Алайда ол бапқа бұдан өзге тұрғын үйлерді қорлау, қоғамдық орындардағы балағат сөздер де жатады. Адам құқықтары бойынша заңгер Халида Ажигулова пікірінше, өз салдарларымен түбегейлі әртүрлі осындай екі қылмысты бір санатқа жатқызуға болмайды. Мысалы, кіре берісте дәрет сындыру мен тірі адамға жасалған жыныстық қол салу.

Халида Ажигулова
Сурет: express-k.kz/news
Халиданың айтуынша, жыныстық алымсақтық – бұл жай ғана ұсақ бұзақылық емес, жәбір көрген адамның жыныстық еркіндігіне қасақана қол сұғушылық болып табылады. Бұл зардап шеккен адам психологиялық жарақат алатын психологиялық зорлық.
Мәселе қазіргі заңнаманың кәмелет жасқа толған жәбірленушілерді жыныстық алымсақтықтан келесідей жағдайларда қорғамауында:
  • 1
    оларға зорлық-зомбылық жасалмаған
  • 2
    олардың қаскүнемге тәуелділігі не бағыныштылығы болмаса
  • 3
    шантаж жасалмаған болса
  • 4
    қорқытар сөздер айтылмаса
Яғни егер біреу қызға күліп тұрып тұрақ түрде жыныстық қатынасқа түсуді ұсынса, оның артынан аңдыса, тоқтаусыз, бірақ сыпайы қоңырау шалумен не хабарламалармен жақындасуды ұсынып, интимді жерлерін ұстауға тырысса, үнемі анайы мазмұнды бейпіл әңгіме айтса, қоғамдық орында үйкелсе, агрессорға әсер етудің тиімді, заңды әдістер жоқтың қасы.


Адам құқықтары бойынша заңгер Халида Ажигулова айтуынша, жыныстық қол салу бір жағынан – сексуалдық зорлық-зомбылықтың, адамның форма сексуального насилия, адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын бұзу мен дискриминация түрі. Екінші жағынан Қазақстандағы мемлекеттік органдар бұл мәселені бұрыннан назардан тыс қалдыруда, жұмыста не қоғамдық орындағы жыныстық алымсақтыққа берілетін ақылға қонымды жаза жоқ. Іс жүзінде кез келген адам харассментке ұшырауы мүмкін: еркектер мен әйелдер, ересектер мен балалар; жұмыста, мектепте, университетте, ауруханада; мемлекеттік қызмет пен жеке компанияда; кқшеде, таксиде, пойызда не қоғамдық көлікте.

Жангелді Сулейманов
Сурет: otyrar.kz
«Қазіргі таңда алымсақтық үшін жауапкершілік жоқ, бірақ әр секунд сайын жұмыс орнында немесе қоғамдық жерде сексуалдық алымсақтық көрініс тауып та жатқан шығар»
Адвокат Жангелді Сулейманов 2006 жылы ерлер мен әйелдердің тең құқығы жайлы заң жобасы жасалғанын әрі оның ішінде келесідей мәтіні бар 14-бап болғанын атап өтті: «жыныстық алымсақтық – ол басқа адамды қорлайтын жыныстық сипаттағы іс-әрекет». Бұл оймен заң шығарушы жыныстық сипаттағы қимылдарды, сөздер мен басқа адам денесіне қол тигізу сынды заттарды меңзеген. Бірақ, өкінішке қарай, заң жобасында мұндай норма болған, ал «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңның өзінде ол жоқ.

«Заң қабылданған еді, ол жүзеге асуда, тек жыныстық алымсақтық туралы ештеңе айтылмаған. Заңнама себебі маған белгісіз. Парламент біздің қазақстандық өміре енгізуге дайын болмаған болса керек. Батыстық заңнамада кішкене басқаша түсінік беріледі. Ол бұдан кеңірек – қолайсыздық тудыруы мүмкін кез келген әрекет. Егер адамға біреудің көзқарасы, сөйлеген сөзі ұнамас, ал қол тигізу туралы айтпай-ақ қойса да болады. Оның жазасы біршама ауыр. Біз жақсы бағыт алған едік, тек бап жоқ. Қазіргі таңда алымсақтық үшін жауапкершілік жоқ, бірақ әр секунд сайын жұмыс орнында немесе қоғамдық жерде сексуалдық алымсақтық көрініс тауып та жатқан шығар», - дейді Жангелді Сулейманов.
Оның үстіне біздің елде жыныстық алымсақтық үшін берілетін ешқандай нақты жаза не ӘҚБтК-де де, ҚК-де де жоқ. Тіпті полицияда да жыныстық қол салуға жауапкершілікке тартудың, тергеудің тиімді әдістемелері жоқ. Сонда шын мәнінде агрессордың жазалануына қол жеткізу мүмкін емес болып тұр. Нәтижесінде агрессорлар жазасыздықты қолданып, ал біздің заңдар осындай жыныстық зорлық алдында шарасыз болып қалуда.
2020 жылдың ақпанында Мәжіліс парламентінің депутаттары Қазақстанда жыныстық алымсақтық үшін қылмыстық жаза енгізу туралы заңнамаға мұрындық болды. Бұған дейін құқық қорғаушылар депутаттар мен ІІМ назарын бірнеше рет жыныстық алымсақтықтың зорлау алды санатына жататынына назар аударған.

Халида Ажигулованың айтуынша, заң жобасы жайлы талқылаулар жұмыс тобының ішінде 2020 жылғы көктемде басталуы керек еді. Бірақ пандемия салдарынан жұмыс тобының қызметі уақытша шегерілген. Өз кезегінде «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі заң шығарушылар неден қорқатынын әрі жыныстық алымсақтық туралы заңның әлі де өз күшіне енбеу себебін түсінбейді. Оның ойынша, бұның себебі мынада: қазіргі таңда бойынша арыз түссе, соталды тергеу жұмыстарын бастап, әр арызға жауап беруге тура келеді. Ал ондай арыздар көп болатыны анық. Ал оны қалай дәлелдеу керектігі – мүлдем басқа сұрақ. Егер әйел бұлтартпас айғақ бола алатынын видео, аудио материал әкелсе, онда дәлелдеуге болады. Тіпті олай болған күннің өзінде, дәлелдеу қиын болады.

Дина Таңсәрі
Сурет: lubimec.kz
«Менің мызғымас ережем бар – жазасыз қалған алымсақтық зорлауға алып келеді. Жазасыз қалған зорлау адам өлтірумен бітеді. Себебі қылмыс жасаған кез келген адам жазасыз қалса, онда ол екінші, үшінші не төртінші рет қайта қылмыс жасайды. Ал егер бірінші рет із қалдырып, тәжірибесіз істесе, екінші рет ол мұның бәрін ойластырып қояды. Ал үшінші рет ол жазаланбайтындай етіп істейді. Ал қылмыстың өзі қатігездене түседі. Ол бәрін қылмыстық жазаға тартылмайтындай етіп ойластырып қояды. Бұл – құқық қорғау органдарының кінәсі. Себебі олар өте көп қылмысты жазасыз қалдырып жатыр», - дейді «НеМолчи.Kz» қорының жетекшісі - Дина Таңсәрі.
"Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ-ның бағдарламалар үйлестірушісі, Аяжан Ойратова таксидегі алымсақтық үшін жауапкершілік енгізу мәселелерінде ең бірінші болып, қандай әрекет алымсақтық болып табылатыны, әрі оларды «ауырлығына» қарай шартты түрде бөлу керек. Егер оны Қылмыстық кодексе түзетулер енгізіп жатқан кезде бірден істемесе, одан кейін құқық қорғау органдарына айғақтар жинау, ал сотқа осындай іс бойынша шешім қабылдау ауыр болмақ.

Ал бұл – жемқорлыққа жеткізумен қауіпті. Тіпті денсаулыққа зиян келтіруге, қорқытуға, заңсыз бас бостандығынан айыруға, қоғамдық орындарда тиіскенге (ұсақ бұзақылық) және зорлауға қатысты қылмыстық баптар бар екенін ескерген жөн. Одан өзге кейбің құқық бұзушылықтарға қатысты басқа да әкімшілік баптар бар.

«Бұл дегеніміз ауыр салдарсыз алымсақтық үшін жауапкершілік тым қатаң болмауы керек дегенді білдіреді. Сондықтан, меніңше, қол салу салдарларын салыстыра отырып, олардың қоғамдық қаупі үлкен болмағандықтан, қылмыстық әрекет деп қабылдануы мүмкін. Сәйкесінше, айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту мен қамаққа алу секілді жазалар қолданылуы мүмкін. Одан басқа «белбілігі бір қызметте отыру не онымен айналысу құқығынан айыру» деген сынды жазаның қосымша түрін ескеріп, құқық бұзушыларды арнайы тізімге енгізу амалдарын қарастыру керек. Себебі қылмыстық жазалар сотталу жайлы анықтамаларда көрсетілмейді», - дейді Аяжан Ойратова.

Адвокат Жангелді Сүлеймановтың да пікірі осыған ұқсас, алымсақтық түсініктерін ажырату керек деген ойға сайып келеді.

«Алымсақтықтың астарында не жатқанын түсінген жөн. Егер таксист жолаушыға қолын оның еркінен тыс тигізсе, онда бұл заңтанушылық мәнде алымсатық емес. Онда бұл зорлау, зорлауға әрекеттену немесе сексуалдық сипаттағы әрекет болады. Бұл үшін арнайы қылмыстық жауапкершілік бар. Ал егер таксист жай ғана әзілдесе немесе сексуалды астары бар анекдоттар айтса, онда бұл үшін жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Ондай арыздарды ешкім де қарастырмайды. Егерде таксист жолаушыны ұстай бастаса, бұл жыныстық қол сұғылмаушылығына нұқсан келтіру болып саналады, ол үшін қылмыстық жаза қарастырылған», - дейді адвокат.

Такси қызметтері өз жолаушылырының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді?
«НеМолчи.Kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі көптеген зорлау жайттары таксиде болатынын атап өтті.

«Біз таксиде орнайтын зорлық-зомбылықты көп көріп жатамыз. Әсіресе InDriver жүйесінде. Оған қатысты InDriver жүргізушісі қызды зорлаған бірнеше жайт бар. басқа жағдайда үйге жеткізу қызметін шақырған. Таксист әйелдің жалғыз болғанын қолданып, оны зорлап тастаған», - дейді Таңсәрі.

Өз кезегінде Indriver қызметінің баспасөз хатшылары «4 регион» такси қызметі сынды CABAR.asia журналистерінің сұратуына такси қызметіндегі қауіпсіздік жайттарын жария ету сауалдарына жауап бермей, үнсіз қалды.

Яндекс.Такси баспасөз қызметі СABAR.asia журналистерінің таксидегі қауіпсіздікті жария ету жайлы сұратуына Yandex Go қосымшасында тәулік бойы істейтін онлайн-қолдау функциясы барын, ол функция тұтынушыға қосымша арқылы қолдау қызметімен жылдам байланыстыра алатынын әрі оған тез көмектесетінін атап өтті. Одан өзге сапар барысында өз жақындарына маршрут жіберуге болады. Осылайша олар сіздің қозғалысыңызға нақ осы шақта бақылап отыра алады.

«Ал «Қауіпсіздік» бөлімінде өз мекенжай кітапшаңыздан сенімді адамдарды қосу мүмкіндігі бар. Егер «Менімен байланысуды өтіну» батырмасын бассаңыз, ол адамдар сіздің геомәліметтеріңіз бен сапар жайлы ақпараты бар хабарлама алады. Тура сол бөлімде күтпеген жағдай орнағанда жеде қызметпен байланысуға болады», - деп Яндекс.Такси баспасөз қызметінде САBAR.asia сауалдарына жауап берді.

Одан өзге таксидің баспасөз қызметі жеткізу қызметінің сапасын бақылауға рейтинг жүйесі мен қолданушылардың берген кері байланысы ықпал ететінін атап өтті. Сапар біткеннен кейін қосымша оны бірден беске дейінгі санатта бағалауды ұсынады. Осылайша рейтинг құрылады. Ал жүйе болса өзін-өзі реттейді: ол жақсы болған сайын алгоритмдер жүргізушіге тапсырыстар бере бастайды. Белгіленген мқлшерден рейтингі төмен жүргізушілер тапсырыстардан алыстатылады. Қолданушылардан орынсыз әрекеттер жайлы шағым түскен кезде жүргізушілер қызмет тапсырыстарынан айырылады.

Дегенмен зерттеу барысында сауалнамадан алған мәліметтерге сай жолаушылар тарапына жасалатын ж.ргізушілер қол сұғуы лицензиялы такси қызметтерінің жүргізушілерінен орнайтыны анық болды. Олардың қатарында «Яндекс.Такси» де бар.

Ал 16 қараша күні бірқатар қазақстандық БАҚ-таАлматы қаласында «Яндекс Go» такси іздеу қосымшасы арқылы жұмыс істейтін жүргізушінің жолаушы әйелге шабуыл жасағаны жайлы жаңалық пайда болды.

Алматы қаласының тұрғыны Құралай Галиева Facebook әлеуметтік желісі топтарының бірінде шабуыл жайлы жазды.Ол жағдайдың үш апта бұрын орнағанын әрі шабуыл жасаған жүргізуші өз кінәсін мойындамайтынын, оған қоса мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне келуге бас тартып жатқанын атап өтті:

«Мен ол адамның әлеуметтік қауіпті екенін айтқым келеді. Мені керек жерге дейін жеткізген жоқ. Мен ақымақтығым мен аңқаулығымның салдарынан жолақысын бірден қолма-қол ақшамен төлеп қойғанмын. Бірақ ол мені керек жерге жеткізген жоқ, ал кернеген ашуыма қол көтеріп, мені пышақтай аламын деп шешті. Өкінішке қарай, мен қазіргі уақытта әрекетке қабілетсізбін әрі не істеу керектігін түсінбей отырмын», – деп жәбірленген адам жазуда.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«Яндекс Go» қолдау қызметінің хабарлауынша, жүргізуші қосымшада бұғатталған:

«Қолдау қызметі пайдаланушымен байланыста. Жүргізуші сервисте бұғатталған, бірақ жүйенің мәліметтері бойынша ол қызды қосымшада көрсетілген жерге жеткізді. Жолаушының айтуынша, көлікте ешкімде қару болған жоқ. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаның кінәсі мен мән-жайын анықтауы керек», - деп Zakon.kz компанияның жауабын дәйексөз ретінде келтіруде.

Жоғарғы санатты психолог Зарина Штеер пікірінше, таксистер жеке шекараны бұзуға ерік беру себебі бірнеше орынсыз сөз бен тұспал үшін жазаланбайтынын білуінде.
Таксидегі қолсұғушылық мәселесін қалай шешсе болады?

Зарина Штеер
Сурет: жеке мұрағат
Зарина Штеер айтуынша, нақты біздің қоғамның мәселесі – саналы адамдарға ешқандай заңның қажеттігі жоқ екенінде, олардың өзіндік ішкі заңдары, адамгершілік құныдылықтары бар. Олар ненің жаман екенін біліп, өздерін сондай әрекеттен шектейді. Не дегенмен де әлеуметтік жауапкершілігі төмен адамдар саны көп, олардың өзін-өзі ұстауы тек заңмен ғана реттелуі мүмкін. Оның өзі кепілсіз.
Аяжан Ойратова пікірі бойынша әрбір ресми таксиде сексуалдық алымсақтыққа, сексуалдық қанауға және клиенттерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы кодекстер болуы керек. Мұндай ішкі саясат барлық жолаушыларға қолжетімді болуы керек, сонымен қатар жүргізушілерге толық нұсқаулық жүргізілгені абзал. Бұл жағдайда жолаушылар жедел желіге қоңырау шала алады. Ал такси операторлары жүргізушілерді жауапкершілікке тарту, ал жолаушыны жалған айып тағу жағдайында жолаушыға қатысты шаралар қабылдауы тиіс.

Аяжан Ойратова
Сурет: жеке мұрағат
«Екіншіден, таксиде бейнекамераларды орнатуды ынталандыру қажет. Видеокамераларсыз саясаткерлер жұмыс істемейді, өйткені жолаушының сөзі жүргізушіге қарсы. Бұл недоказуемо. Шығындар ресми таксиге жұмсалатындықтан, мұндай ұсыныс сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұл осындай таксилердің бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мемлекет мұндай компанияларға салық демалысын ұсына алады, осылайша олар камераларды салондарға тез салып, саясатты жүзеге асырады. "Яндекс.Таксимен" қиынырақ болады. Оларға жедел желі қажет, қолдау қызметі қазір жедел жауап бермейді», - дейді Аяжан Ойратова.
Адамдардың бәрі ресми таксиді қолдану біле бермейтінін ескерген жөн. Сондықтан, сарапшы пікірінше, ресми таксиді қолдану маңыздылығын түсіндіруге бағытталған үлкен медиакампания өткізу маңызды. Ал мемлекет өз тарапынан бейресми такси қызметтеріне түбегейлі төзімсіздік танытып, олардың тарифтерін бақылауы керек. Ешкімге де үлкен трансұлттық копаниялардың бағаны түсіргені қажет емес. Себебі егер жергілікті компаниялар банкрот болса, мемлекетке және азаматтық қоғамға біз талқылап жатқан саясатты енгізу одан сайын қиындай түседі.


Егер алымсақтыққа тап болған адамдардың көпшілігі ресми таксиді қолданғанның өзінде орнаған жайт жайлы арызданбаса, онда оның операторлардың білімсіздігінен немесе солардың елемеуінен туындау ықтималдығы жоғары. Сондықтан адамдарды ақпараттандыру маңызды. Оған шетелде істейтіндей көлік ішінде ақпарат бар жапсырма орналастыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал мемлекет, өз кезегінде, ресми таксилерге бұрын зорлау немесе ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылған жүргізушілерді жалдамас үшін талап қоюы керек. Қазақстанда адамдар көбінесе «өз еркімен» кетіп жатады, бірақ ол жерде үлкен жанжал орнаған болуы мүмкін және жұмыс беруші қызметкерді Еңбек кодексінің бабы бойынша жұмыстан шығаруға заңды құқығы болған болуы мүмкін. Ал егер адам кінәлі болмаса, онда ол сот арқылы өз құқығын қалпына келтіре алады. Егер олай болмаса, онда жұмыс берушіні өз клиенттеріне қол сұққан құқық бұзушы туралы ақпаратты такси операторларының тізіліміне енгізуге міндеттеуге болады. Әрине, мәңгі емес. Адамның түзелуге құқығы болуы керек.
«НеМолчи.Kz» қоры басшысы Дина Таңсәрі айтуынша, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомблыққа қарсы күресті ұлттық идея еткен абзал. Барлық мемлекеттік құрылымдарда ондайға көз жұмып қарамайтындығын үгіттемейінше, әрбір әкім өз ауылында, ауданында көпшілік алдына шығып, зорлықшылар мен агрессорларға әрекеттерінің ұят екенін бетке баспайынша бұл бізде ешқашан тоқтамайды.
Психолог Зарина Штеер пікірі де осыған ұқсас. Оның ойынша, осындай жағдайлар құқықтық заңнамамен ешқалай реттелмейінше әрі адамдар бұл туралы сөз етуге ұялуын тоқтатпағанша жағдай ешқалай өзгермейді.

«Посткеңестік кеңістіңте қорқынышпен пара-пар келер алдыңғы қатарлы эмоцияның бірі – ұят. Адамдар өздерінің әлсіз тұстарын көрсетуден ұялады, себебі қоғам айыптай бастайды: «дұрыс киінбеген еді», «қате сөйлесті», «өзі кінәлі», - деп Штеер өз сөзін қорытындылады.
Лонгридке үлес қосқандар:
Авторлар:
Зульфия Раисова,
Назигуль Жусупова,
Мазхаб Джумъа,
Ирина Матвиенко
Лонгрид редакторы:
Наталья Ли

Идея авторлары:
Зульфия Раисова
Дастан Аққожа
Оқиғаларды жинаумен айналысқандар:
Исмаил Карыпов,
Фарангис Давронова,
Вера Сухина,
Анастасия Черепанова,
Дастан Аққожа,
Кирилл Флаймен,
Мөлдір Албан
Иллюстрации:
Насиба Каримова

Верстка:
Карина Толмачева
Лонгрид "Орта Азиядағы такси қауіпсіздігі" ақпараттық кампаниясы аясында шыққан