Жүргізуші тегін жеткізіп тастағысы келді, ал жеткізген соң ол мастурбация жасай бастады...
Жүргізуші тегін жеткізіп тастағысы келді, ал жеткізген соң, мастурбация жасай бастады. Қорқыныш, жиіркеніш. Осыдан кейін таксидегі сапарыма сақтықпен қарай бастадым.
Бұл екі жыл бұрын болған оқиға. Сәуір болған соң кешкі жетіде дала әлі қараңғы болатын…
Бұл екі жыл бұрын болған оқиға. Сәуір болған соң кешкі жетіде дала әлі қараңғы болатын. Мен курстан кейін таксимен үйге келе жатқанмын, шығатын жеріме жақындағанда көлікті тоқтатуын өтіндім. Менің 4 рет қатты дауыстағаныма шарамастан жүргізцші тоқтамады. Мен таксиден секіруге дайын едім және жүріп келе жатқан көліктің есігін аштым. Такси жүргізушісі бірден тоқтай қалды, мен осы сәтті пайдаланып, қолына 10к ұстатата салып, қайтарымын алмастан көліктен атып шықтым. Үйге дейін жүгіріп жеттім. Ауруханада анықтама жасатып, колледжге бармадым және күн жарықта қоғамдық көлікпен қайту үшін барлық курстарымды таңертеңгі уақытқа ауыстырдым.
Мен өзімді: «мүмкін басқаша көрінген шығармын», - деген оймен кінәлі сезіндім. Осыдан кейін бір жарым жыл бойы таксиге отырған жоқпын.
Мұны алымсақтық деп атауға бола ма, біллмеймін, бірақ мұндай жағдай бірінші рет орын алған жоқ…
Мұны алымсақтық деп атауға бола ма, білмеймін, бірақ мұндай жағдай бірінші рет орын алған жоқ. Сапардың басында такси жүргізушісі менен кездесіп жүрген біреуім бар ма дегенді сұрады. Мен «жоқ» деп жауап бергенде,ол «жақсы» деді де есіктерді құлыптады, содан кейін маған бұрылып:«кешке компания керек пе?» - деп сұрады. Мен «жоқ» дедім, ол менің аяғыма қолын созып, сипалай бастады, мен аяғымды тартып алып, полиция нөмірін теріп жатқанымды айтқанымда, есіктерді ашып, маған «есалаң» деді. Мен такси қызметінінің тұтынушыларды қолдау орталығына хат жаздым. Мұндай жағдайлар жиі орын алады, сондықтан мен ешқайда жүгініп, арыз жазбадым.
Мені мұндай жағдайларға үйреніп кеттім десе де болады. Үнемі жігіттер таксиде, көшеде алымсақтық көрсетеді. Мен жай ғана қарсы тұруды немесе мүлдем жауап бермеуге тырысамын. Бұл жағдайда біз не істей аламыз? Қоғам әлі күнге дейін жігіттердің жағына шығып, бізді ашық киім немесе әдепсіз мінез-құлық үшін айыптайды, бізге кінәлі екенімізді айтады.
Құрбым екеуіміз асығып бара жатқанбыз, сондықтан бірінші тоқтаған көлікке отырдық…
Құрбым екеуіміз асығып бара жатқанбыз, сондықтан бірінші тоқтаған көлікке отырдық. Жол бойы жүргізуші маған аш көзбен қарады. Мен әдейі әкеме қоңырау шалып, күтіп алуын өтіндім. Жүргізушінің артында отырғандықтан оның көзқарасы туралы құрбымнан естідім. Таксиден шыққан соң ол жүргізушіде эрекция болғанын айтты. Құдайға шүкір, бізге ештеңе болған жоқ.
Жағдайдың қауіптілігін тек құрбым оның көзқарасы мен физикалық жағдайы туралы айтқанда барып қана түсіндім. Осыдан кейін бұл адамның құрбаны болуым мүмкін екенін ойлап, қатты қорықтым. Бір апта бойы ұқсас оқиғаларды іздеп, қандай жағдайға душар болуым мүмкін екені қатты қорқытты. Тіпті бұрыш балончигін сатып алғым келген болатын.
Орта жастағы адам табанды түрде «аға» болғысы келетінін айтып, нөмірін жазып алғанымды қалады…
Орта жастағы адам табанды түрде «аға» болғысы келетінін айтып, нөмірін жазып алғанымды қалады. Кәмелеттік жасқа толмағаныма қарамастан қаржылай көмек туралы әңгіме айтты. Бұдан кейін мен үш күн өз-өзіме келе алмай жүрдім, бәлкім ол маған қолын тигізбеген шығар, бірақ үйленген, балалары мен әйелі бар, әкеңнің құрдасындай еркектің қырындағаны моралдық тұрғыдан қорыту қиын. Өте қиын…
Мен көлікте жалғыз емес едім, қасымда әпкем болды. Біз үйге қайтып бара жатқанбыз, 10 минуттан кейін жүргізуші маған сұрақ қоя бастады…
Мен көлікте жалғыз емес едім, қасымда әпкем болды. Біз үйге қайтып бара жатқанбыз, 10 минуттан кейін жүргізуші маған сіз жалғызсыз ба, қайда тұрасыз, үйде нешеусіздер сияқты сұрақ қоя бастады. Ал әпкем телефонмен сөйлесіп отырған болатын. Бірден телефон нөмірін сұрай бастады, мен жүргізушіден қорқып, нөмірімді беруден баст тартып, жауап бермей қойдым. Шығып бара жатып, телефонымды түсіріп алғанымды түсіндім, еңкейіп ала беремін дегенше ол есікті бұғаттап тастады. Яғни, мен жүргізушімен бірге көлікте жалғыз қалдым. Мен қорқа бастадым. Ол нөмірімді бермейінше есікті ашпайтынын айтты. Бірақ әпкем көліктің есігін қаға бастағанда қорқып, есікті ашып жіберіп, мен атып шықтым. Мен шашымды бос қойып, француз ұзындығындағы көйлек кигенімді атап өткім келеді. Мен бұлай жүруден, тіпті таксиге отырудан қорықпауым керек. Қазір мен таксиді өте мұқият ұстаймын, маған ыңғайлы болса да, болмаса да, автобуспен және метромен жүруді жөн көремін. Ия, мен такси жүргізушілерінен қорқамын.
Теріс. Мұндай жағдайлар аз болған жоқ. Бірақ бұл жағдай шынымен қорқынышты болды. Қазір мен бұл туралы көп уайымдамаймын, бірақ оқиға орын алеан соң мен тіпті далаға шығуға қорқатынмын. Мен қыз болғандықтан, бәріне келісемін дегенді білдірмейді. Қауіпсіздікті қадағаламайтын мемлекеттік органдарды жек көремін, өйткені бұл нақты мәселе!
Бәрі әдеттегідей болды: мен оқуға жету үшін такси ұстап, алдыңғы орындыққа отырдым…
Бәрі әдеттегідей болды: мен оқуға жету үшін такси ұстап, алдыңғы орындыққа отырдым. Жүргізуші спорт киіміндегі орта жастағы салмақты ер адам болатын. Жол бойы ерекше ештеңе байқалмады, бірақ бір кезде бағдаршамда тұрған кезде ол қолымен тіземнен қағып, аяғымның мықты екенін айтты да «спортпен шұғылданасың ба?» деп сұрады. Мен қатты ашуландым және оның ниетін түсінгеннен кейін бірден қолын сілкіп тастадым. Жол бойы онымен бір көлікте отыру маған жағымсыз болды, кешігі бара жатқан соң басқа таксиге ауыспадым және оның әрекеттеріне аса қатты мән бермеуге тырыстым.
9 сыныпта таңертеңгі ауысымда оқитынмын. Қыста таңертең ерте қараңғы болады. Мектепке кешігіп бара жатыр едім…
9 сыныпта таңертеңгі ауысымда оқитынмын. Қыста таңертең ерте қараңғы болады. Мектепке кешігіп бара жатыр едім. Жол шетінен такси ұстадым (ол кезде таксиге тапсырыс беру қызметі танымал болған жоқ). Көлік тізгінінде 30 жастағы ер адам отырды. Ол маған жасым, оқу орным және т.б. туралы сұрақтар қоя бастады. Мен жасымды әдейі азайтып, 14-те екенімді айттым. Дегенмен мен шынымен өз жасымнан кіші көрінетінмін. Мектепке жеткен соң ол есікті бекітіп, кешке бір жерге апару үшін менің нөмірімді талап ете бастады. Мейрамханалар туралы сандырақтай бастады. Мен оған қарай ақшаны лақтырып, есікті өзім ашып шығып кеттім. Келесі күні таңертең мен тағы да кешігіп мектепке кешігіп бара жатыр едім. Бірақ мен оның көлігін таныдым. Мен жолға шықсам, ол мені сонда күтіп отыр екен. Мені көре сала машинадан шығып маған қарай беттеді. Бағыма орай, тағы бір машина тоқтап, мен бірден отырып, мекен-жайымды айттым да, тезірек жүріп кетуін өтіндім. Псих-жүргізуші біраз уақыт біздің ізімізге түсіп, сигналдап, менің жезөкше екенімді айтты, әдепсіз қимылдарды көрсетті. Келесі апта бойы мен автобуспен жүру үшін ертерек шығуға тырыстым. Осыдан кейін оның көлігін бірнеше рет көрдім. Бірақ ол маған енді келмеді.
Қазір мен арнайы такси қызметін ғана қолданамын. Жүргізушіге сөйлеспейтңнімді білдіру үшін әдейі үнемі құлаққап тағамын. Бірақ көбіне ешқандай музыка тыңдамаймын.
Мен әрқашан бағытты қадағалап отырамын. Кейде яндекс жүргізушілер: «менің телефонымның қуаты аз, сапарды қосымшада аяқтап,өзіміз картасыз жүре берсек бола ма?» - деп сұрайды. Мен оған әрдайым қарсымын. Егер қосымшадан сапарды аяқтауды басатын болса, карта өшіп қалатындықтан жолды бақылауға мүмкіндігіңіз болмайды. Мен бәріне мұндай ұсынысқа келіспеуге кеңес беремін. Егер бағдарлама сіздің келісіміңізсіз жабылып қалса,таксиден түсіп қалыңыз.
Маған төстартқыш сыйлау үшін кеудемді ұстап көріп, өлшемін есінде сақтап қалғысы келгенін айтты….
Маған төстартқыш сыйлау үшін кеудемді ұстап көріп, өлшемін есінде сақтап қалғысы келгенін айтып, қолын соза бастады.
Осыдан кейін алдыңғы орынға отырудан қорқатын болдым. Өзімді өте арам сезіндім, әрі мұндай әділетсіздікке қатты ашуландым.
Сағат кешкі 11 болатын, жігітім мені үйге шығарып салды. Жүргізушіге қайда бару керектігін көрсетті, діттеген жерге дейін 8 минут жол еді…
Сағат кешкі 11 болатын, жігітім мені үйге шығарып салды. Жүргізушіге қайда бару керектігін көрсетті, діттеген жерге дейін 8 минут жол еді. Жол бойы ол сұрақ қоюмен болды. Менің жауап бергім келмей отырғаны белгілі еді, оның сұрақтарына салғырт жауап беріп отырдым. Бірнеше минуттан кейін ол бір жерге барып, кофе ішуді ұсынды. Мұндай уақытта көп орындардың жұмыс істемейтінін білетінмін, сондықтан оның нақты бір орынды меңзегеніне сенімді емеспін. Мен кеш болғанын, үйге қайтуым керек екенін айтып, бас тартқанымда ол көндіре бастады. Біз үйге жетіп қалғанда о діттеген жерден өтіп кетіп, нөмірімді бермесем шығармайтынын айтты. Мен шошып кетіп, жүріп келе жатқан көліктен шығып кеттім.
Шындығын айтсам, біздегі менталитетке бола мұндай қарым-қатынасқа үйреніп кетесің. Әрі жағдай да сондай ушыққан жоқ, кейбіреулер бұдан да сорақы жағдайға ұшырайды. Келесіде жігітім екеуіміз таксиді абайлап таңдайтын боламыз.
Бұл күндізгі сағат 11-12-лер шамасында болды. Анам екеуміз елшіліктен шыққан едік. Ол жұмысқа бару керек болған соң, үйге жалғыз қайттым...
Бұл күндізгі сағат 11-12-лер шамасында болды. Анам екеуміз елшіліктен шыққан едік. Анама жұмысқа бару керек болған соң, үйге жалғыз қайттым. Жол бойынан такси тоқтата бастағанда ақ Лассети тоқтап, бағасы мен барар жерді келіскен соң таксиге отырдым. Мен артқы орындыққа отырдым, такси жүргізушісі 35-40 жастағы ер адам еді. Ол жолда: «атың кім, қанша жастасың, қайда оқисың» сияқты біртүрлі сұрақтар қоя бастады және өзінің жүргізуші болып жұмыс істейтінін, мен жалғыз жүрген соң жүргізуші керек емес пе дегенді сұрай бастады. Мұның бәрі менің күмәнімді туғызды. Үйге жақындаған кезде ұстай алмас үшін сөмкемді есік жаққа қойып, ақшасын дайындап отырдым. Ол тура үйдің жанына кірмес үшін үлкен жолдың бойындағы дүкеннің жанына тоқтауын өтінген болатынмын. Тоқтағаннан кейін ол кент бұрылып, мені тіземнен ұстап алды, аяғымды да сипап үлгерген сияқты. Бірақ бақытыма орай, ол есіктерді бекітпегендіктен көліктен атып шықтым. Көшеде адамдар болғандықтан оның артымнан қумайтынын білдім. Әрине,қорққаныммен, шыққаныма қуандым.
Содан кейін мен жәй ғана жолым болмады, түрлі жағдай болуы мүмкін деп ойладым. Барлық қыздар осындай жағдайға тап болады және ол маған тиіскен жоқ әрі қашып үлгерген соң жолым болды деп есептедім. Тек менің денемді біреудің ұстағаны жиіркеніш тудырды. Ата-анама айтқан жоқпын. Ал, қазір көлік нөмірін есімде сақтап, милицияға арыз жазар едім.
Мен хиджаб киемін, оқу орынына баруым керек болып жол шетінен такси ұстадым...
Мен хиджаб киемін, оқу орнына баруым керек болып жол шетінен Taxi компаниясының жарнамасы жабыстырылған ақшыл түсті көлікке отырдым. Мен артта отырған едім. Жолда екі жігіттің жанына тоқтаған соң алыңғы орынға ауысуды ұсынды. Екі жолаушы түсіп кеткенше бәрі тыныш болатын. 50-55 жастағы менің әкемнен үлкен ер адам менімен түрлі тақырыпқа сөйлесе бастады. Ол мені мадақтап, неге екені белгісізмашту сөздерін айта бастады, ал мен ешқандай реакция көрсетпедім. Тек үнсіз тыңдадым. Бір сәтте оның ауыстырғыш тетігіндегі қолы менің тіземе тиді, мен аяғымды тартып алдым, ол ашық түрде аяғымды ұстады. Қолын алмастан бос әңгіме айтуын жалғастырды. Жүргізушіден тердің иісі мүңкіп тұрды. Әрі ол ірі әрі бойшаң болғанлықтан мен қатты қорықтым және бойымды жиіркеніш биледі. Мен айқайлап шу көтерген соң қолын алғанымен, бос әңгімесін тоқтатұан жоқ, тауда үйім бар сонда юарйық сияқты әңгіме айта бастады. Мен қатты қорқықтым. Менің қолымнан келген жалғыз амал — бұл көліктің тіркелген такси қызметіне хабарласып жатқандай түр жасау болды. Шыққан соң көлік нөмірін есте сақтап, тіркелген болуы мүмкін деген такси агенттіктеріне хабарласа бастадым, бірақ ол еш жерде тіркелмеген екен. Алдыңғы орындыққа отырып, оған өзім себеп болдым деп кінәлауы мүскін екенін біліп, болған жағдайды ата-анама айтқан жоқпын. Егер полицияға жүгінсем олар менің отбасыма хабарлайтыны анық еді. Ал бұл «өзбек» қыздарының беделіне нашар әсер етеді.
Мен кез-келген уақытта алымсақтыққа ұшырауым мүмкін болған соң дәрменсіздікті сезіндім. Тіпті күндіз жалғыз жүрудің қауіпті екенін түсінгенде қатты күйзеліске ұшырап, сол күйі сабаққа бара алмадым. Енді мен таксидің алдыңғы орынына отырмаймын және өзіммен бірге кілттер жиынтығын алып жүремін. Әрдайым артта отырамын, әрі жол шетінен көлік ұстамай,тексерілген Яндекс жүйесі арқылы тапсырыс беремін. Оның өзінде жүйеде тіркелмеген, басқа ат пен басқа машинамен жүрген бірнеше көлік болды. Қазір мен аса абай болуға тырысамын және еркектерді өзіме жолатпаймын.
Мен таксимен жігітімнің үйіне бара жатқанмын, такси жүргізушісі мені жасымды, қай ұлт екенімді, исламды ұстанамын ба дегенді сұрай бастады...
Мен таксимен жігітімнің үйіне бара жатқанмын, такси жүргізушісі мені жасымды, қай ұлт екенімді, исламды ұстанамын ба дегенді сұрай бастады. Мен барлық сұрақтарға: «17 жастамын, үйде тамақ пісірмеймін, мұсылман емеспін және т.б.»,- деп шын жауап бердім. Менен «күйеуің бар ма?» деп сұрады. Білмеймін, менің ойымша, 17 жаста тұрмыс құрған болу қалыпты жағдай емес. Меніңше, оның сұрақтар өте біртүрлі болды.
Ол кезде менің тұрмысқа шыққаныма бір ай ғана болған. Маған емханаға бару керек болды…
Ол кезде менің тұрмысқа шыққаныма бір ай ғана болған. Маған емханаға бару керек болды. Біздегі дәстүрге сай, сәнденіп, әшекейлерімді тағып жүрдім. Мен көлік тоқтатқанда үнемі артқы орынға отыратынмын. Бірақ бұл жолы тоқтаған көлік артқы орынға толтырып жүк артып алыпты. Мен бас тартқым келгенімен, ұялып, алдыңғы орынға отырдым. Оның маған қараған көзқарасын сезіп, ыңғайсыздандым. Көптеген сұрақтар қоя бастады. Мен бірден үйленгенімді айтқанымда ол сенбеді, күліп, мақтау айтып, нөмірін сұрады. Мен оның бұл сөздерін тоқтататуын сұрап, тұрмысқа шыққанымды қайта айттым. Ол мені жай ғана дос бола алатынымызға, оның да әйелі бар екенін айтып сендіре бастады. Маған қарындасы сияқты қарағысы келетінін айтты. Көліктен шыққым келгенімен, мұндайда абдырап қаласың ғой. Көзімде көзілдірігім бар болатын. Ол маған ұзақ қарап, менің көзімді көргісі келетінін айтты. Артынша қолымнан тартып, көзілдірігімді шешіп алғанда шошып кеттім. Ал содан кейін ол менің аяғыма жиіркенішті қолын қойды! Мен айқайладым, ол менің аяғым, дене бітімім туралы айта бастады. Мен айқайлап, тоқтатуын талап еттім. Шу шығарған соң қорқып, дәл қиылыста тоқтады. Мен ақшаны лақтырып кетіп қалдым. Күні бойы өзімді жиіркенішті сезіндім. Күйеуіме айтқанымда таксисті тауып, үстінен арыз жазғысы келді. Бірақ мен көлік нөмірін есімде сақтамаған соң, мені қолдап, тыныштандыруға тырысты. Содан бері тек таксиге тапсырыс беремін. Танымайтын адамдардың көлігіне отырудан қорқамын.
Мұндай оқиғалар өте көп болған, шындығында мен бұлай болуы мүмкін деп те ойланбаған болатынмын. Сол сәтте өзімді «Неге артқа отырмадым, бәрінің толық екенін көріп тұрып неге бас тартпадым? Неге әдемі киіндім?» деп кінәлаған кездерім де болған. Қазір жобалардың арқасында мәселенің менде емес, өкінішке орай өздерін осылай ұстайтын адамдарда екенін түсіндім.
Анам екеуміз Ташкенттен Навоиге таксимен қайтып келе жатқанбыз. Анам алдыңғы орындықта отырды. Ал мен тағы екі адаммен бірге артында отырдым...
Анам екеуміз Ташкенттен Навоиге таксимен қайтып келе жатқанбыз. Анам алдыңғы орындықта отырды. Ал мен тағы екі адаммен (ағасы мен қарындасы) бірге артында отырдым. Жаз болғандықтан мен шолақ шалбар киген едім. Ұйқы аралас күйде отырып аяғымды сипалағанын сезіп, көзімді аштым. Қасымда 20-23 жастағы жігіт отырды. Ол ұйықтап, қолы қозғалмай қалғандай түр жасады. Мен оның қолын лақтырып, тағы біраз ұйықтағым келіп әрекет жасай бергенімде аяғымды тағы сипалап отырғанын сездім. Мен қорқып кеттім. Тағы да 6 жастағы сияқты ойлар… егер мен айқайлайтын болсам, ол көліктегі барлық адамдарды өлтіріп тастайтындай сезіндім. Мен оның қолын лақтырған сайын, ол ұйықтап жатқандай түр жасаған соң ұйқым мүлдем қашып кетті. Бірақ мен мұндай басынушылықты күткен жоқпын, ол мен теріс қарасам да, қолын аяғыма қойды. Ең сорақысы, мұның бәрін 20 жас шамасындағы қарындасы да көріп отырды. Неліктен оны тоқтатпады? Неге үндемегені ақылыма қонбайды. Мен қарындасының бәрін көріп отырғаны қайдан білдім дейсіз бе? Ақырында біз жанармай бекетіне тоқтадық және мен арамызда оның қарындасы отыратындай жерге отырдым. Енді ол маған қол жүгірте алмайды деп ойладым. Бірақ шайтан алғыр, тыныш ұйықтап жатқанда, оның қолын тағы да сезіндім. Көзімізді ашсам, қарындасының алдынан асырып қолын созып жатыр. Ал қарындасы, көрсе де үнсіз жатыр. Бұл жолы мен тек «эй» деп айта алдым және ол тағы да ұйықтап жатқан кейіп танытты. Осылайша біз Навоиге жеттік.
Оқудың алғашқы күндері. Құрбым екеуіміз метрода тұрмыз. Адам әдеттегіден де көп. Меніңше, мен мұндай көп адамды бұрын көрмеген сияқтымын….
Оқудың алғашқы күндері. Құрбым екеуіміз метрода тұрмыз. Адам әдеттегіден де көп. Меніңше, мен мұндай көп адамды бұрын көрмеген сияқтымын. Құрбым екеуіміз қысылып тұрған кезде біреу мені бөксемнен ұстады. Мен құрбыма қарағанымда ол күлді, мен оны әзілдедім деп ойладым. Бұл екі үш рет қайталанды. Әр жолы құрбым маған қарап жымиған соң мен оны мазақ етіп тұр деп ойладым. Біз вагоннан шыға бастағанда ғана мен оның ол емес екенін түсіндім, өйткені құрбым менің сол жағымда келе жатты, ал біреу маған артымнан келе жатып қол тигізді. Адамдар ағынының кесірінен артыма қарай алмадым. Ал адам азайған соң бұрылып іздей бастауым ақымақтық болды. Өйткені желкемде көзім жоқ болған соң мен оны кім жасағанын біле алмадым.
Таң. Күз. Мен колледжге кешігіп бара жатқан соң, такси ұстауға тура келді. Яндекс қазіргідей танымал емес еді.Қорқынышты болған соң жолай такси ұстағанды ұнатпасам да ұстауға тура келді…
Таң. Күз. Мен колледжге кешігіп бара жатқан соң такси ұстауға тура келді. Яндекс қазіргідей танымал емес еді. Қорқынышты болған соң жолай такси ұстағанды ұнатпасам да ұстауға тура келді. 50-55 жастағы өте жағымды көрінген ер адам тоқтады. Ол негізінен өзбекше сөйледі, ал орысша өте қатты акцентпен сөйлейтін. Мен екі тілді де білетіндіктен оны өте жақсы түсіндім. Ол менімен саудаласып, алдыңғы орындыққа отыруымды талап етті. Егер ол менің бағама келісетін болса жолай тағы адам алуы керек еді. Бұл қалыпты жағдай. Ол қайда бара жатқанымды, қайда тұратынымды, әдетте қашан оралатынымды сұрай бастады. Мен өтірік жауап беріп, үркіп отырдым. Келесі сұрағы өте біртүрлі болды:
— Жігітіңіз бар ма? — Иә — Ал сіз онымен жақын қарым-қатынаста болдыңыз ба? (Мен дұрыс жазамын, ал сіз іс жүзінде бәрі лас жаргонмен болғанын түсінетін шығарсыз.)
Мен шындықты айттым, біз жақын болмадық. Ол сөзін жалғастырып кеше артқы орындықта сүйіскен жұпты жеткізгенін, жігіт қыздың кеудесін ал қыз жігіттің жыныс мүшесін ұстағанын осы кезде ол өзін сипалап ләззат алғаны айтты. Қызды шығарып салған жігітпен сйөлескенде екеуінің шын ғашық емес екенін, тәжірибе жинап жүргендерін айтыпты. Ол әлгі жұптың жыныстық өмірі мен «басқа тесік» және ауызбен жасалатын сипалау туралы егжей-тегжейлі айта бастады. Мұның бәрін мүмкіндігінше қалай жұмсақ суреттеу керектігін білмеймін. Бірақ сізге түсінікті деп үміттенемін. Мен әрең шыдап: - мені қызықтырмайды, жалғастырмай-ақ қояйық,- дедім. Ол сөзімді елеместен әңгімені өзіне ауыстырды. Өзінің мүшесін мақтап, менің қол тигізгенімді қалады.
—Саған ұнайды, қане, қане… әлде сен менің жасағанымды қалайсың ба?
Бақытыма орай жолай басқа қыз мінді. Бағасына келісіп, жолаушы отырды. Осы кезде маған құрбым қоңырау шалды. Бұдан бұрын мен оның хабарласуын өтініп, хабарлама жазған болатынмын. Онымен әкеммен сөйлескендей кейіп таныттым, ақ матизбен келе жатқанымды колледжге дейін екі аялдама қалғанын айта бастадым. Соңына дейін созып ұстап отырдым. Ақыры келген соң бағдаршамда ақшаны қалдырдым да үнсіз шығып кеттім. Қалған жолаушы қыз дұрыс жетті деген үміттемін.
Өкінішке орай, бұл бірінші жағдай емес. Қоғамдық көліктерде осындай жағдай болған. Мысалы, автобуста адамдар көп болған кезде, олар сіздің бөксеңізге әдейі қол тигізді ме әлде кездейсоқ па біле алмайсыз. Алайда, елестетіп көріңізші...сіз бірнеше рет бөксеңізге қол тигізгенін сезесіз… Ал бұрылып қарасаңыз мұның кім екенін түсіну мүмкін емес. Орнын ауыстыруға тырсқаныңмен еш нәтиже шыға қоймайды. Бірде оны істеген кім екенін түсініп, айқай шығарғым келгенде ол автобустан асығыс шығып кетті. Біз тура аялдамаға келген болатынбыз. Бірде бос автобуста бір жігіт кеудемді ұстамақ болып маған қарай құлағаны есімде. Мен қандай да бір әдепсіз, ашық киінбедім. Бұл Ташкентте менімен болған осындай оқиғалардың бір бөлігі ғана.
5 наурыз 18:10 ақ спарк, 50 жас шамасындағы ер адам. «міне, жақын жерде тұрады» деп жігітті апарып тастаған соң үйіме жеткізіп тастайтыны айтты. Мен келістім…
5 наурыз 18:10 ақ спарк, 50 жас шамасындағы ер адам. «Міне, жақын жерде тұрады» деп жігітті апарып тастаған соң үйіме жеткізіп тастайтыны айтты. Мен келістім… Мустакиллик қиылысындағы Манго дүкенінің жанынан алып кетіп, Беруниге кетіп қалдық. Шамамен Акфа медлайнның қасынан қалдырды. Қайтып келе жатқанда жолай екі жігіт мінген еді. Сол кезде ол менің алдыға ауысуымды өтінді. Одан да артта екі жігітпен отырғаным жақсы еді. Жігіттер новомосковскаяға жетіп түсіп қалды. Содан кейін ол мақтау айтып, «диалог жүргізе» бастады. Бетіме қол тигізуге тырысып, шашымнан сипады. Егер сәл батылырақ болсам мүмкін оны орынына қоятын едім. Ал мен тек қоршыныш, ауырлық, тамағыма тығылған ащы дәм мен жиіркенішті ғана сезінемін. Үйге 8-де келіп, душта бір сағат отырдым, осылайша оның қолдарының іздерін жууға тырыстым. Қанша уақыт өтсе де бәрі құдды кеше орын алғандай есімде. Ішімдегі мені басқарған өзбек тәрбиесі: «Мүмкін сен қате ойлап отырған шығарсың? Мнмкін ол атасының немересіне көрсеткен мейірміндей шығар?» - деді. Бірақ біз басқалар не ойлайтыны туралы емес, ең алдымен өзіміз туралы ойланатын кез келді…
Мен жұмысқа кешігіп бара жатқан соң автобустың орнына таксиге отырдым (Яндекске ақшам жетпеді) ...
Мен жұмысқа кешігіп бара жатқан соң автобустың орнына таксиге отырдым (Яндекске ақшам жетпеді). Жол бойы такси жүргізушісімен күнделікті тақырыптар туралы сөйлестік, бірақ бір сәтте ол " жігітің бар ма?", "қашан бос боласың" деп сұрай бастады. Маған бұл біртүрлі болып көрінген соң, барлық әңгімені телеграмға, достарыммен чатқа түсіре бастадым. Чаттағы қыз маған қалған жолда алаңсыз жету үшін қоңырау шалуды ұсынды. Солай істедік. Бірақ такси жүргізушісі мен сөйлесіп отырғанда көлікті тоқтатып, тек мен тұтқаны қойған соң ғана қозғалды. (Неліктен менің ойыма жай шығып, қашып кету келмегенін білмеймін. Кешігіп бара жатқан соң, не де болса жұмысқа баруға бел будым. Әрине, қорқып, абдырап қалғаным тағы бар.) Біз межелі жерге жеткенде, ол менен жол ақысын денем арқылы төлей алатынымды айтып, қолын тіземе қоя бастады. (Арт жақта жүргізушінің жеке заттары жатқан соң алдына отырған болатынмын.) Қолдарымды қысып, сүйуге тырысты. Тек мен оны қатты тістеп алған соң ғана мені қажетті жерге апарды.
Мен үйге театрдан таксимен қайтып келе жаттым. Біз межелі жерге келгенде, такси жүргізушісі жол ақысын алу үшін бұрылып менің бетіме қарады…
Мен үйге театрдан таксимен қайтып келе жатқан едім. Әдетте құрбым мен оның анасы үшеуіміз бірге қайтатынбыз. Бұл жолы әр жаққа кететіндіктен олар маған жол шетінен такси тоқтатып берді. Сапар тыныш болды. Менің театрым туралы (ол менің кештетіп қайдан келе жатқанымды сұрады), оның отбасы туралы сөйлестік.
Біз межелі жерге келгенде, такси жүргізушісі жол ақысын алу үшін бұрылып менің бетімді көрді (Менің терімде бөртпелер көп болатын). Бәрі содан басталды:
— Сізде безеу көп екен. — Иә, білемін. — Оны қалай тез емдеу керегін білесіз бе? Мен жеңіл тәсілін білемін. Айтайын ба? — Иә, көрейік. — Сіз білесіз бе, әйел мен еркек төсектес болып, ер адам әйелдің ішіне бітірсе, гормондар алмасып, тері тазарады.
Мен шығуға тырысып тұтқаны тартып көрдім. Бірақ ол есікті жауып тастаған болатын
— Егер қаласаңыз, Мен сізге көмектесе аламын. — Жоқ, рахмет, қажет емес. — Қойшы, бірден жақсы болып кетесің.
Ол мені телефон нөмірін жазып алған соң ғана шығарды. (Мен оны бірден өшіріп тастадым. Егер мен ата-анама бұл туралы айтып беріп, нөмірді сақтап қойғанымда, біз полицияға хабарласа алатын едік).
Менде таксидегі алымсақтық туралы оқиға көп, бірақ мен сізге соңғысын айтып берейін…
Қайырлы күн! Менде таксидегі алымсақтық туралы оқиға көп, бірақ мен сізге соңғысын айтып берейін. Мен 2019 жылы желтоқсанда жүктіліктің 7-8 айында болатынмын. Наманган қаласы, Макро дүкеніне азық-түлік алу үшін бардым.Дене тгрқым кішкентай болған соң ішім қатты біліне қоймайтын. Жүргізуші қайда бара жатқанымды білген соң (әдетте олар шағын аудан немесе қала бағытын сұрайды) менің алған заттарымды төлеп бергісі келді. Мен бас тарттым, өйткені біріншіден, мен өзімді қамтамасыз ете аламын (менің шағын бизнесім бар) екіншіден, мен мұндай қырындаудың бәрін білемін (бірінші рет естіп тұрған жоқпын) Мен ішімді көрсетіп, аяғым ауыр екенін айтқанымда: Ештеңе етпейді деп үйлерге қарай бұрылды. Мен мұндайға бірінші рет тап болмаеан соң сабыр саштап есік тұтқасын ұстап отыра бердім. Ол үйлерге жақындап, жылдамдықты азайтқанда мен атып шығып, есікті тарс еткізіп жаптым. Ол шоршып кеьіп, кетіп қалды. Нөмірін суретке түсіру туралы ойланбаппын да…
Жүргізуші қарт адам болған соң ғана таксиге отырдым. Ол кептелісті сылтауратып, басқа бағытқа бұрыла бастады…
Кешке жүргізуші қарт адам болған соң ғана таксиге отырдым. Ол кептелісті сылтауратып, басқа бағытқа бұрыла бастады. Жолда ол менің қанша жаста екенімді, ата-анамның кім екенін, қай қаладан екенімді (менің диалектім астаналық емес) егжей-тегжейлі сұрады. 16 жастағы мен шын жауап бердім, өйткені ата-анам тек шындықты айтуды үйретті. Бірақ өзімді ыңғайсыз сезіндім. Ол жақсылықты сылтауратып, кешкі ас ішуді ұсынады. Жолым болып, аялдамада әкем күтіп тұр деп ерте түсіп қалуға ақылым жетті. Артыма қарамастан аялдамаға қарай жүгірдім. Осыдан кейін барлық такси жүргізушілері мен қызығушылық танытқандарға менің әкем әскери адам деп жауап беремін. Бұл жағдайдан кейін ата-анам маған нокиа сатып алып берді. Ол кезде байланыс үшін ата-анам көп ақша төлейтін.
Мен бірнеше рет таксиде де алымсақтыққа ұшырағанмын: танысуға тырысқан ұсыныстар мен жағымсыз көзқарастар…
Мен бірнеше рет таксиде де алымсақтыққа ұшырағанмын: танысуға тырысқан ұсыныстар мен жағымсыз көзқарастар, нөмірді беру/жүргізуші нөмірін жазу талаптары. Мен жаңа ТашМи ғимаратының жанында оқудан кейін такси ұстаған кезде, (шамамен 15.00) мен ұмыта алмайтын ең жаман оқиға болды. Маған 01y625ta нөмірі бар ақкөлік к тоқтады. Сапар туралы келісе отырып, мен жүргізушінің баяу сөйлейтініне және оның көзқарасы шашыраңқы екеніне назар аудардым, бірақ темперамент ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған мән бермедім және артқы жолаушылар отыратын орынға отырдым. Шамамен 5 минуттан кейін мен жүргізуші маған қарап тұру үшін сәт сайын бұрылып жатқанын байқадым. Мұқият қарап, мен оның мастурбация жасап отырғанын көрдім. Мен көлікті тоқтатып, қорқыныш пен агрессияны көрсетпеуге тырысып шығып кетуге тырыстым. Курстағы қыздармен сөйлескеннен кейін мен олардың жол бойында тоқтап, қыздарға мастурбация жасайтын жүргізушіні олар да көргендерін білдім. Кейін онымен тағы бір рет кездестім. Группаластарыммен университет ғимаратының басқа корпусына бара жатқанда, ол біздің артымызда ең төменгі жылдамдықпен келе жатқанын байқадым. Мен телефон камерасын алып, түсіре бастағанда кері бұрылып, көзден таса болды. Бұдан кейін мен де менің таныстарым да оны кездестірген емеспіз.
Басында мен қорқыныш пен жиіркеніш сөзіндім. Кейіннен қорқыныш ашуға жол берді. Менің таксиде жүру ережелеріме алдыңғы орындыққа мінуден бас тартудан және нөмір белгілерін есте сақтаудан басқа, жүргізушіні мұқият қарап, сыртқы келбеті/мінез-құлқы біртүрлі болып көрінсе, сапардан бас тарту қосылды. Мүмкіндігінше автостоптың орнына такси шақыру қызметін пайдалануға тырысамын. Менің ойымша, егер бұл жағдайға тағы бір рет тап болсам, мен қалай күресуге және қысым көрсетушіден өзімді қорғауға болатынын білемін.
Таңға жуық мені достарым қатты ұйқым келген соң таксиге отырғызып жіберді. Біз үйімнен 10 минут жердегі мейрамханада отырған едік...
Таңға жуық мені достарым қатты ұйқым келген соң таксиге отырғызып жіберді. Біз үйімнен 10 минут жердегі мейрамханада отырған едік. Кеш бойы біз күліп, көп сөйлескендіктен қатты шаршап, ұйқым келген болатын. Қазір ол менің ұйқылы күйімді мас деп ойлауы мүмкін екенін түсіндім. Мені отырғызып, құшақтап жатқандар болғаныннан менің жалғыз емес екенім түсінікті еді. Жүріп келеміз, жүріп келеміз, менің үйімнің жанынан өтіп кетіп, ой онда қазір бір шеңбер жасайын, ой онда саябақ арқылы барайық деп айналып жүрді. Ол кезде мен жолаушылар артына отыру үшін алдыңғы орындыққа отыратынмын (Яндекс әлі болмаған). Бір кезде саябаққа жеттік. Менің көзіме ұйқы тығылып тұр, ол бірдеңе деп міңгірдеп, күлді де жүз долларды тықпалап, менің сөмкемді артқа лақтырып, бар салмағымен маған қарай асылды. Мен жылай бастадым - мені зорлады және бұл мен үшін үлкен триггер. Бұл есалаңның көңіл күйі қайтты ау деймін, маған — Жарайды, не болды сонша,- деді. Мен, көптеген адамдар сияқты, бұл жағдайға өзімді кінәлі сезіндім. Содан кейін үйге жеткен соң әр қабатқа көтерілген сайын, барлық сұмдықты түсіндім. Милиция көмектеспеді. Тек бірнеше рет жезөкше деп атады. Жүргізуші 50 жастан асқан, діни адамның бас киімін киген болатын. Ол онымен қоймай менен жол ақысын алып алды.
Сағат 5, жаз. Салоннан шығып, жол шетінен такси тоқтаттым. Артқы орында бір қыз отырды. Кейінірек, рульдегі жігіттің тым сабырлы түрмен...
Сағат 5, жаз. Салоннан шығып, жол шетінен такси тоқтаттым. Артқы орында бір қыз отырды. Кейінірек, рульдегі жігіттің тым сабырлы түрмен мүшесін шығарып алып мастурбация жасап отырғанын байқадым. Мен абдырап, айқайлай бастадым. Қыздан оның не істеп отырғаны біле ме, жігіттің дені сау ма деп айқайлай бердім. Айқайлап, қорқып шығып кеттім. Арттағы қыз орысша түсінбейді ғой деймін. Өзімді абдырап, әлгі қызды шығарып алмағаным үшін ұзақ кінәлі сезіндім.