Тәжікстан:
«Көмектеспейді, бірақ айыптаумен жығады»
«Мен оның ішіне қатты соққы жасадым»
«Ол жолдың шетінде тұрды. Менен: «Такси ме?» деп сұрады. Мен: «Такси» деп жауап беріп, қайда баратынын сұрадым. Ол маған: «Алхитой» деп жауап берді. Отырғызып алып кеттім.

Екі рет ішінен қатты соққы жасадым. Алқымынан қысып тұншықтырғанымда «Ішім-ай» деп көліктің артқы орындығына құлады. Бұл жерде оның айқайы естіліп қалатын шығар деген оймен, көлікке мініп жүріп кеттім.

Бұл Садулло Рауповтың полицияға берген куәгерлігінен үзінді. Ол Тәжікстанның Варзоб ауданындағы Харангон шатқалында екі қызды өлтірді деп айтыпталған болатын. Бұл туралы репортаж 23 қыркүйек күні «Новости МВД» бағдарламасына шығып, Тәжікстан халқының қызу реакциясына себеп болды.
Бұл жағдаят туралы репортаж 2020 жылдың 23 қыркүйегінде кешке «Ішкі істер министрлігінің жаңалықтары» бағдарламасында таратылып, тәжік қоғамында қызу талқыға түсті.
«2018 жылдың қаңтарында Сафаров Дониёр мен Раупов Садулло Замирамох Хайдарованы аяусыз ұрып, жүксалғышта Харангон ауылының шатқалына алып барған. Хайдарованың ес-түссіз күйі мен айналада адам жоқтығын пайдаланып, күдіктілер Хайдарованы зорлап, азаптап, аса қатігездікпен тұншықтырып өлтірген.» Полиция хабарлауынша, күдіктілер қылмысын жасыру үшін құрбан болған әйелдің денесін 50 метрдей тереңдікке көміп тастаған.
Душанбе қаласының Сино аудандық соты Раупов пен Сапаровтың үстінен Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104 бабы 2 тармақшасына сай «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәжікстанда қоғамдық орындағы харассмент үшін жаза қандай?
2018 жылдан бастап Тәжікстанда қыздар мен әйелдерге еркектер тарапынан жасалған сексуалдық, физикалық харассмен туралы ашық айта бастады.

2018 жылғы шілдеде 23 жастағы Тәжік медициналық университетінің түлегі Сабина Сафоева Facebook-қа наразылығын білдірген пост салған болатын. Сабинаның еркектер тарапынан жасалған секуалдық, физикалық харассментке шыдамайтынын жариялаған посты көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қолданушылар 800-ден астам лайк басып, 200-ден астам пікір қалдырған. Facebook-тағы постың астына жүздеген әйел физикалық, сексуалдық зорлыққа ұшыраған оқиғаларын жазған.

Бұл оқиғадан кейін Душанбелік белсенді қыз-келіншектер қала әкімшілігіне өтініш жолдаған. 2018 жылғы қыркүйекте Душанбе әкімі Рустам Эмомали Ішкі Істер Басқармасына харассментке ұшыраған әйелдердің арызын қарастыратын арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

2019 жылы Душанбеде әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық тақырыбындағы конференцияда 2700-ден астам арнайы құрылғы көшедегі ер адамдардың әрекетін бақылағаны белгілі болды. Тура сол жылы Тәжікстанда харассмент үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс жасалған болатын. Қазір үкімет Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу идеясын қарастырып жатыр. Душанбе Ішкі істер басқармасы қаладағы әйелдерге сексуалдық, физикалық алымсақтық жасаған еркектермен күн сайын түзету жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы басқарма үнемі сайтына видео мен фотосуреттер жүктеп, хабарлап отырады.
Құзіретті органдар хабарлауынша, жыныстық алымсақтық жағдайлары Қылымыстық кодекстің «Зорлау», Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу», «Бұзақылық» баптары бойынша қарастырылады.

2018 жылы жыныстық, физикалық алымсақтыққа байланысты қылмыстық жаза енгізу ұсынысын Бас прокуратура мен Жоғарғы сот қолдаған. Әзірге нақты жоспар болмаған соң алымсақтық үшін қандай жаза енгізілетіні белгісіз.

Бас прокуратура өкілі Фаррух Рауфовтың айтуынша, соңғы жылдары зорлау фактісі азайған. Алайда жыныстық алымсақтық әрекеттері алаңдаушылық туындатып отыр.

Көп жағдайда харассменке ұшыраған әйелдер қоғам алдындағы ұяттың әсерінен үндемейді. Ал жыныстық алымсақтыққа ұшырағанын айтып шағымданған әйелдер құқық қорғау органдарының әйелдердің арызына селқос қарағанын айтады.
Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткім келді
Душанбелік 25 жасар Мадина (аты өзгертілген) бірнеше рет таксистер тарапынан жыныстық алымсақтыққа ұшыраған.

2017 жылдың күзінде кешкі 19:00 шамасында ЦУМның жанына тұратын тәтем хабарласып, барынша тез келуімді өтінді. Мен «Ватан» кинотеатрының жанында тұрамын. Тезірек тәтеме баруға асықтым. Бұл маршрутта 3 пен 8 нөмірлі таксистер "Ватан" кинотеатрының алдынан жолаушыларды алып кететін.

Жүргізуші маған саусағымен 3 деген санды көрсетті. Мен қолымды көтеріп тоқтаттым. Үлкен жолда рейд көп болғандықтан көп жүргізушілер алдыңғы терезесіне тақтайша қоймай, маршрут нөмірін саусағымен көрсететінін білетінмін.

Көлікте үш жас жігіт отырды, олардың бірін бірі танитыны белгілі еді. Отырған соң мен жүргізушіге жол ақысын ұсындым. Ол ақшаны алудан бас тартып, маған: «Қарындас, бізге сенің ақшаң керек емес. Біз қазір сені бір жерге апарып, сонда демаламыз» деді.

Осы сәтте мені үрей биледі. Көліктің есігі автоматты түрде бекітіліп қалды. Қорқып, дірілген дауыспен «Аға, таксист болмасаң неге үш деген белгі көрсеттің?» дедім.

Бұл сұрағыма жүргізуші: «Ақымақ емессің, кімнің көлігіне отырғаныңды, біздің таксист емес екенімізді білдің. Қатаймашы…» деп жауап берді.

Осыны айтып болып, көлікті сағатына 100-120 км жылдамдықпен жүргізе бастады. Менің тоқтатуды өтінген сөздерімді жолда тұрған МАИ қызметкерін елемегендей, елемеді. Бірақ, қала орталығында бізді басқа МАИ қызметкері жолдың ортасына шығып тоқтатты. Мен көліктен атып шығып, МАИ қызметкеріне жүгіріп барып, оларың мені бір жаққа апармақшы болғанын, жол ақысынан бас тартқанын айта бастадым. Жүргізуші МАИ қызметкерінің жанына келіп, "Э, бауырым бұл жезөшке. Ол көлікке өзі отырып, сіздер қайда барсаңыздар мен де сонда деген болатын" деді.

Ол осылайша менің МАИ қызметкерінің алдындағы ар-ұжданыма кір келтірді. Бірақ мен үшін бұл сөздердің еш мәні болған жоқ, маған көліктен шыққаным маңызды болды. Олардың өзара дауласып жатқанын көріп, мен дереу қашып кеттім. Тезірек қашып құтылып, болған жағдайды ұмытқым келгендіктен, тіпті көліктің нөмірін де есіме сақтамаппын. Маған ешкімнің сенбейтіні, тіпті, болған жайтқа өзімді кінәлауы мүмкін екенін білгендіктен бұл туралы бірнеше құрбымнан басқа ешкімге айтқан жоқпын.

2018 жылдың күзінде екінші рет осыған ұқсас жәйт қайталанды. Бұл кешке болатын,құрбым екеуіміз бір іс-шарадан шығып, үйге бет алдық. Оқиға тағы да орталық көшеде орын алды.Көшеде көлік аз болатын, ал мен анам үйде жалғыз болғандық тан үйге тез оралуым керек еді. Такси келіп, жүргізуші маған 8 нөмірлі «трафарет» көрсетті. Мен көлікке отырдым. Көліктегі әйнек қараңғылатылған екен, қараңғыда мұны байқамаған болатынмын. Көлікке отырырған соң мен тағы да қателік жібергенімді сездім. Тағы көлікте үш ер адам болды, тағы жүргізуші менен жол ақысын алмады. Дәл бірінші жағдайдағыдай. Бірақ бұл жолы көліктің артқы жағында отырған ер адам қолын созыып мені ұстап алуға тырысты. Мен қатты қорқып кетіп, дауыстап «сіз не істеп жатырсыз? Неге маған қол тигізесіз?» деп сұрадым. Ол орындықта бір нәрсені ұмытып кеткенін, ал менің сол заттың үстіне отырып алғанымды айтты.

Сол кезде мен: «Көлікті тоқтатыңыз» дедім. Бұл өтінішіме жүргізуші: «Тоқтатамыз, бірақ, кейінірек…» деп жауап берді.

Көлік сағатына 100-120 км жылдамдықпен жүріп келе жатты. Мен өзімді тағы қателік жасағаным үшін жек көріп келе жаттым.Егер мен үйге оралмасам, өзімді, анам мен барлық туыстарымды ұятқа қалдырамын деп қорықтым. Менің ойма көптеген жаман ойлар келді. Содан соң өзімді қолға алып, машина қала орталығынан 120 км/сағ жылдамдықпен өтіп бара жатқанда, есікті ашып, көліктен секіріп кеткім келді. Дәл осы сәтте ол көлікті тоқтатты. Жағдайды пайдаланып, мен көліктен шығып, артыма қарамастан қаштым. Қауіпсіз жерге жеткен соң таксиге тапсырыс беріп, үйге жеттім. Бұл жолы мен болған оқиға туралы ешкімге айтпадым... Енді өзім үшін «үш сомондық» такси қызметін пайдаланбаймын деп шештім.

Алғашқы оқиғадан кейін мен өзімді жек көрмеген едім, өйткені мен кінәлі емес екенімді түсіндім және білместіктен көлікке отырдым. Енді отыратын машинаға назар аударуым керек. Бірақ екінші оқиғадан кейін мен өзімді біле тұра екінші рет осындай жағдайға ұрынғаным үшін жек көрдім.

«Екі жылдан астам уақыт өткен соң, құқық қорғау органдарына жүгінбедім, қолымда маған көмектесе алатын деректер жоқ екенін білемін. Тіпті көліктің нөмірін де білмеймін. Оның үстіне, билік менің кінәсіздігімді растайтын факт болған күннің өзінде қылмыскерлерді тұтқындап, жазалайды дегенге сенбеймін», - дейді Мадина.
Мадинаның пікірінше, мұндай әрекеттердің алдын алу үшін тиісті кодекске арнайы баптар енгізіп қана қоймай, сонымен қатар такси жүргізушілерімен мұндай заңсыз әрекеттер тәжік қыздарының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын түсінуі үшін арнайы оқу жұмыстарын жүргізу керек.

Өз кезегінде ол қыздарға қараңғыда көлікке жалғыз отырмауға, отырмас бұрын машинаның нөмірін есте сақтауға немесе жазып алып жақын адамыңызға жіберуге кеңес берді.

«Егер сіз таксиге отырсаңыз, жақыныңызға қоңырау шалып, такси туралы ақпарат беріңіз. Жүргізушілер одан қорқады. Егер жүргізуші сізді басқа бағытта алып бара жатқанын түсінсеңіз, көліктен шығуға тырысыңыз (көлік жүріп келе жатса да). Бұл жағдайда жүргізуші жолдағы бақылау камераларының жазба жүргізетіні түсініп, көлікті қорыққанынан тоқтатады», - дейді сұхбаттасушымыз.

Бүгінде ондаған жапа шеккендер әлеуметтік желілерде жыныстық және физикалық алымсақтық туралы жариялады. Бір жыл бойы Instagram-да «tellme_sister» деп аталатын топ бар, ол жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық құрбандарын біріктіріп, ондаған қыздар мен әйелдер туралы оқиғалар жариялаған.
Таксидегі алымсақтық мәселесін қалай шешу керек?
Әлеуметтанушы Зулайхо Усмонова әйелдерге қатысты ерлердің жыныстық және физикалық алымсақтығының негізгі себептері қоғамның қазіргі проблеманы түсінбеуі, тәрбиенің жеткіліксіздігі, әсіресе жыныстық және гендерлік тәрбиенің жетіспеуі, сондай-ақ мәдениеттің төмендігінде деп түсіндірді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жыныстық зорлық-зомбылық туралы ресми статистика жоқ, сондықтан жалпы жағдайды елестету қиын. Зулайхо мәселені шешу үшін заңнамаға жыныстық және физикалық қысым көрсету туралы тиісті баптарды, ал орта мектептер мен университеттердің оқу бағдарламаларына «жыныстық сауат» пәнін енгізу қажет екенін атап өтті.

Зулайхо Усмонова
Сурет: жеке мұрағат
«Адамдарды зорлық-зомбылықтың зұлымдық екеніне сендіруі керек, халық жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылып, тиісті жазасын алуы мүмкін екенін түсінуі керек», - дейді әлеуметтанушы.
Оның пікірінше, жүргізушілерді оқыту мен жүргізуші мен жолаушы арасындағы физикалық байланысқа тыйым салу жыныстық және физикалық алымсақтықтың алдын алуға көмектеседі.

Бұл мәселені бірнеше жыл бойы қадағалап келе жатқан және осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген журналист Ниссо Расулованың айтуынша:

Ниссо Расулова
Сурет: жеке мұрағат
«Такси - бұл лифт, автотұрақ, кір жуатын орын, саябақтар мен кіреберістер сияқты әйелдер үшін қорқынышты орындардың бірі. Қазір барлық технологяи уақытпен қатар жүретіні қуантады. Үлкен қалаларда драйвердің бағытын бақылауға болатын қосымшалар мен GPS бар. Алайда, кейде тіпті бұл тым еркінсіп кеткен еркектерді тоқтата алмайды. Мұндай әрекеттерді нақты жазалау және белгілі бір әрекет үшін жауапкершілікке тарту арқылы ғана алдын алуға болады. Егер қыз таксиде зорлық-зомбылыққа ұшыраған болса, ол бұл туралы айтып берсе оны сөкпей, көмектесетін білуі керек. Өкінішке орай, бізге мұндайға жету үшін әлі біраз уақыт керек. Біздің елде жауапкершілік жәбірленушіге де бірдей жүктеп қоятын виктимблейминг кең тараған. Менің жүрісім дұрыс болмады, дұрыс киінбедім, қатты күлдім. Мұның бәрі ақтау. Ешбір еркек алкогольдің иісі шығып, шұлықтары көрініп тұрса да, әйелдің жеке шекарасын бұзбауы керек. Бұл оның шаруасы емес», - дейді журналист.
Әскери журналист Хуршед Назаровтың айтуынша, әйелдер мен қыздарға жыныстық және физикалық алымсақтық жасамау үшін арнайы такси қызметін пайдалану керек, өйткені таксиге тапсырыс берген кезде сервистік компания қызметкерлері қай таксиді, қайда бағыттайтынын біледі және қиындық туындаған жағдайда тапсырыс туралы мәліметті дәлел ретінде ұсынуға болады.

Ол сондай-ақ таксиде орнатылған «видерегистратор», көлікке отырған кезде таксиге назар аудару, көлік нөмірін есте сақтау және қажет болған жағдайда ұялы телефонды пайдалану такси қызметін қолданған кезде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары екенін атап өтті.

Хуршед
Назаров
Сурет: жеке мұрағат
«Мысалы, жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясындағы таксилер айналада болып жатқанның бәрін толық тіркейтін бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қажет болса, жүргізушілер құрылғы жазбасын факт ретінде ұсынады», - дейді Назаров.

Ол тіркелген такси қызметін пайдаланған жолаушылар жүргізушімен түсініспеушілік туындаған жағдайда оператормен байланысып, өтініш жасай алатынын атап өтті. Сондықтан, оқиғаны жазу немесе басқалардың назарын аудару үшін ұялы телефонды пайдалану маңызды.

«Такси қызметін ұсынатын компаниялар жүргізушілердің дұрыс таңдауға назар аударуы керек, яғни олар жүргізу тәжірибесіне назар аударып қана қоймай, оның өмірбаянын да білуі керек. Егер жүргізуші сотталған болса (зорлау және осыған ұқсас қылмыстар), оны жұмысқа алуға болмайды», - деді Назаров.
Такси қызметі жолаушыларының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуде?
CABAR.asia-ның жолдаған сауалына жауап ретінде Тәжікстандағы Olucha Taxi компаниясының негізін қалаушы "Олуча Авто" ЖШС өз клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр көлікке GPS құрылғысын орнатқанын айтты. Бұл операторларға әрбір жүргізушінің орналасқан жерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы компанияның әрбір жүргізушісіне әрқашан байланыста болуы үшін қызметтік SIM-карта беріледі.

Компания сондай - ақ клиенттер «жүргізуші-әйел», «үнсіз такси жүргізушісі» және «балалар креслосы бар такси» опциялары бар таксиге тапсырыс бере алатынын хабарлады.

Сауалға берілген жауапта әрбір жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жолаушыларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл түрінде және шартты бұзуға дейінгі жаза қолданылатыны атап өтілген.

Хатта сонымен қатар компанияның «Facebook» әлеуметтік желісінде ресми парақшасына клиенттер компания жүргізушілерінің нашар қызметіне шағымдана алады және бұл мәлімдемені компания ресми үндеу ретінде қабылдайтыны, өтініш, ең алдымен, компания ішінде тергеу жүргізу үшін негіз болатыны айтылған. Ереже бұзу фактісі расталған жағдайда жүргізушіге жоғарыда көрсетілген жазалау шаралары қолданылады.

«Олуча Авто» ұсынған мәліметтерге сәйкес, соңғы 2-3 жыл ішінде «компания клиенттерінен жүргізушілердің әдепсіз мінез-құлқына қатысты бір-екі жағдайды ескермегенде, әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық және физикалық алымсақтық көрсеткені туралы іс жүзінде шағымдар түспеген. Осы ерсі қылықтарды жасаған жүргізушілерге ішкі ережелерге сәйкес шаралар қолданылған».

Сонымен қатар, күн сайын клиенттер мен жүргізушілер арасында көліктің уақтылы келмеуіне қатысты белгілі бір түсінбеушіліктер, көлікте ұмытылған заттарды қайтару туралы көптеген өтініштер түсетінін атап өткен.

Таксиге тапсырыс беру таңғы және кешкі сағаттарда жиілейді, ал жүргізушілердің заңсыз әрекеттеріне шағымдар көбінесе әйелдерден түсетін көрінеді.
«Сайехон» ЖШҚ бас директоры Тахмина Саминова, «Рахш Такси» жолаушылар көлік компаниясының құрылтайшысы, CABAR.asia сауалына жауап бере отырып, компанияда жолаушылар қауіпсіздігіне қатысты қабылданып жатқан шара ретінде, арнайы бейнебақылау камерасымен жабдықталған көлік көмегімен өз клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бейнекамера күн сайын компанияға тиесілі таксилердің қызметін бақылап, ақпараттық орталық арқылы қызмет көрсету сапасына қатысты жолаушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, компания статистикасына сәйкес, соңғы 2-3 жылда «Рахш такси» жүргізушілері тарапынан әйелдер мен қыздарға қатысты сексуалдық және физикалық зорлық-зомбылық туралы шағымдар түспегенін атап өтті.

Бұл компанияның жауапты тұлғалары біздің бірнеше басқа сұрақтарымызға мұны «коммерциялық құпия» деп түсіндіріп, жауап беруден бас тартты. Атап айтқанда, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін болашақта енгізілетін шаралар туралы сұрағымызға «қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең үздік шарасы – ақпараттық орталық арқылы шағымдарды қабылдау бар» деген жауап алдық.
Бар болғаны милиция өз қызметін атқаруы керек
Тәжікстан ІІМ мәліметінше, 2019 - 2020 жылдың тоғыз айында қоғамдық орындарда әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылық үшін 237 «Бұзақылық» бабы бойынша ерлерге қарсы 174 қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ-нің біздің хатқа берген жауабында: «2019 жылы 138 "Зорлау" бабы бойынша - 46, 139 "сексуалдық сипаттағы әрекеттер" бабы бойынша - 43, 140 "жыныстық актіге мәжбүрлеу" бабы бойынша - 9, 141 "зорлау" бабының 2-тармағы, "а" тармақшасы бойынша - 9 қылмыстық әрекет тіркелген. 2020 жылдың 9 айында осы баптар бойынша барлығы 74 іс қозғалды», - делінген.

Навруз Одинаев, заңгер және «Химоя» заң компаниясының басшысы, заңда жыныстық алымсақтық жағдайларын қарастыратын тармақтар бар деп санайды.

Навруз Одинаев
Сурет: жеке мұрағат
«Сондықтан алдымен әрбір жеке жағдайдың ауырлық дәрежесін анықтау керек. Олардың әрқайсысына жеке тоқталайық», - дейді заңгер.

Бірінші жағдай-бұл агрессивті шабуылдар мен қорқытып-үркітусіз қоғамдық орындарда әдепсіз сөйлеп, алымсақтық көрсету. Мысалы, көшеде жігіт бейтаныс қызға «Қарындас, мен қалаймын...», «Қарындас, мен сенімен болар едім...», «Ох, шіркін қандай қыз, жүр менімен айналысуға...» сияқты жағдайлар. Бұл жағдайда ТР ӘҚБтК-нің «Бұзақылық» деген 460-бабына жататын құқық бұзушылық белгілері бар.

Навруз Одинаевтың айтуынша, осы бап бойынша айыпталушылар есеп айырысу үшін жетіден онға дейінгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 30 - 45 АҚШ долларына дейін (1 есептік көрсеткіш - 55 сомони) айыппұл салынады немесе бестен он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Сөзін «Тағы бір нұсқаны қарастырайық», - деп жалғастырған заңгер, «зорлық-зомбылық қаупі бар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу. Мысалы, жас жігіт қызды дөрекі сөздермен қорлайды және оны жұрттың көзінше ұрлап кетемін, зорлаймын деп қорқытады немесе дөрекі формада физикалық алымсақтық көрсетеді. Бұл әрекеттерде ТР ҚК-нің 237-бабының 1-бөлігіне сәйкес келетін «бұзақылық», яғни қоғамға құрметсіздік білдіретін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерімен қоса жүретін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу» бабының реттеу нысаны бола алатын белгілер бар. Осы заңды бұзу есеп айырысу үшін бес жүзден бір мыңға дейінгі (2207,49 - дан 4414,98 АҚШ долларына дейін) көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - дейді Навруз Одинаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 16 жасқа толмаған азаматтарға азғындық сипатындағы (жыныс мүшелерін көрсету, қол тигізу және т.б.) әрекеттерде Қылмыстық кодекстің 142-бабының 1-бөлігіне сәйкес келетін "он алты жасқа толмаған азаматтарға қатысты азғындық әрекеттер, зорлық-зомбылық жасау" бабының белгілері бар.

Бұл құқық бұзушылық екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 14 жасқа толмаған адамға қатысты осындай әрекеттер - 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Көріп отырғанымыздай, Тәжікстан Республикасының заңнамасында қыздар мен әйелдерге қатысты «бұзақылық» жасаған адамдарға қолдануға болатын нормалар бар. Заңгер аталған нормаларды қолдану тетіктері толық пысықталмаған деп есептейді. «Бұл құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін, біріншіден, зардап шеккен адамдардың немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштерін алу керек, содан кейін-егер қыз жалғыз болса, куәгер болмаса немесе бұл әрекеттер бейнекамера бақылауына түспесе, «алымсақтық» фактісін дәлелдеу қиын болуы мүмкін».
Заңгердің айтуынша, бұл нормаларды қолдану механизмі, сондай-ақ қыздар мен әйелдерді қорғау, ең алдымен, милиция органдарына байланысты.

Егер милиция қызметкерлері дереу, тіпті қыздар мен әйелдердің ауызша мәлімдемесіне сүйеніп әрекет етіп, құқық бұзушыларды жағдайды толық анықтау үшін милиция бөлімшесіне апарса, бұл әрекеттер санкциялардың қолданылуына әкелмесе де, құқық бұзушы еркектердің қайтадан сол әрекеттерді жасаудан қорқуына ықпал етеді.
Лонгридке үлес қосқандар:
Авторлар:
Зульфия Раисова,
Назигуль Жусупова,
Мазхаб Джумъа,
Ирина Матвиенко
Лонгрид редакторы:
Наталья Ли

Идея авторлары:
Зульфия Раисова
Дастан Аққожа
Оқиғаларды жинаумен айналысқандар:
Исмаил Карыпов,
Фарангис Давронова,
Вера Сухина,
Анастасия Черепанова,
Дастан Аққожа,
Кирилл Флаймен,
Мөлдір Албан
Иллюстрации:
Насиба Каримова

Верстка:
Карина Толмачева
Лонгрид "Орта Азиядағы такси қауіпсіздігі" ақпараттық кампаниясы аясында шыққан