Такси жүргізушісі бұрылысты шатастырып алып, менің көлік тұрған жерге жаяу келуімді талап етті. Мен бас тарттым, аздап жынданса да өзі келді…
Таксиге кешкі сағат 10-да тапсырыс бердім. Мен отырған жерге көлікпен келу қиындау болатын. Такси жүргізушісі бұрылысты шатастырып алып, менің көлік тұрған жерге жаяу келуімді талап етті. Мен бас тарттым, аздап жынданса да біразан соң өзі келді.
Бір кезде: — Сіз қырғызсыз ба? — Иә. — Дәстүрді білесіз бе? — Иә, біразын білемін. — Жүксалғышта ақ орамал бар, тағып алыңыз, мен сізді алып қашамын. — Не?
Үнсіздік. Мен алаңдай бастадым. Машинадан секіруді ойладым бірақ көше тым тар болды әрі айналада тірі жан жоқ еді.
— Мен қалжыңдадым. Жол бойы үнсіздікте келдік. Көрсетілген соманы төледім. Таксист: «Негге аз? Мен қаншама жүрдім ғой» деп наразылығын білдіре бастады. Шығып бара жатып оның әзілдері жайлы ескерту жасап, есікті тарс жаптым. Ол менің артымнан айқайлай бастады. Мен қатты қорқтым әрі жиіркенішті сезім болды. Такси қызметіне шағымданғанымда, жүргізуші кешірім сұрады. Бірақ сол кездегі қорқыныш сезімі қалып қойды. Одан бері бір жыл өтсе де мен қазір ғана қайта такси қызметін қолдана бастадым, оның өзінде тек керек кезде ғана қолданамын.
Мен кішкентай едім. Өзім аймақтан келіп университеттің бірінші не екінші курсында оқып жүрген кезім...
Мен кішкентай едім. Өзім аймақтан келіп университеттің бірінші не екінші курсында оқып жүрген кезім Туған қаламнан Бішкекке бара жатқан кезде артқы орындықта әйелі не келінімен бірге келе жатқан 40 жастағы ер адаммен бірге отырдым. Мен екеуінің ортасында отырған болатынмын. Түнде келе жатқандықтан, ол менің аяғымды, жамбасымды сипалады. Мен өте жағымсыз сезімде болсам да, сол кезде айтуға қорықтым. Тек әйеліне менімен орын ауыстыруын өтіндім. Ол бірнәрсенің дұрыс еместігін байқап, орын ауыстырды. Ол кезде мен бұл оқиғаға еш мәне бермеген едім. Бірақ қазір бұл оқиғаны есіме алсам тітіркене бастаймын. Осы жағдайдан кейін таксиде бейтаныс адамдармен бірге жүруді жек көремін.
Менің ойымша, сол кезде мен жағдайдың дұрыс емес екенін түсінгендіктен қорқыныш пен түсінбеушілік қана болды. Бұл менің қазіргі эмоционалды жағдайыма әсер етеді. Мен әрқашан ер адамдарға жанасудан қашқақтаймын, тіпті таныстарымнан алшақ болуға тырысамын. Қазір мен бұған қайта жол бермеу керектігін түсіндім және мұндай нақұрыстардың бетін қайтарып, айтудан қорықпаймын.
Маған сұрақ қоя бастады. Мен жауап бергім келмейтінін айтқаныма қарамастан, сұрақты жаңбырша жаудырды...
Маған сұрақ қоя бастады. Менің жауап бергім келмейтінін айтқаныма қарамастан, сұрақты жаңбырша жаудырды. Сұрақтары:қайда оқимын, қанша жастамын, қайда тұрамын, жігітім бар ма, үйленгім келе ме сияқты еді. Жүргізуші маған қарау үшін жиі артга бұрылды. Бұл мені ыңғайсыздандырып жіберді.
Мені мүлде естімеген сияқты. Мен жауап бергім келмейтінін анық білдіргеніммен менің сөздерім еш еленбей қалды. Өзімді қатты ашулы әрі шаршаңқы сезіндім. Интроверт болғандықтан э бұл жағдай маған қатты әсер етті, енді таксиге алаңдамай мәне аламын деп ойлаймын. Такси шақырмас үшін кешке дейін жүрмеуге тырысамын.
15 шілде әпкеммен кездесуден соң такси шақырдым. Аздап ішімдік ішкен едім. Жүргізуші мас болып келді...
15 шілде әпкеммен кездесуден соң такси шақырдым. Аздап ішімдік ішкен едім. Жүргізуші мас болып келді не шөп шегіп алғанын білмеймін, бірақ ұсталып қалмау үшін мен оған үйіме жақындағанда бірге ішімдік ішуді ұсындым. Біз бір жерге келдік, ал мен үйімнің жанында екенбіз деп ойладым. Жолда екеуімізге ішімдік алдым, көлікте сөйлесіп отырғанда ол маған тиісе бастады. Мен қарсылық білдіріп тоқтатуын талап етіп, оның ойын өзгертемін деген үмітпен сөйлей бастадым, бірақ оным еш көмектеспеді. Осылай сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырадым.
Мен әлі күнге дейін клиникалық депрессия жағдайын ушықтырған психологиялық жарақаттан кейінгі стресстік ауытқуды сезінемін. Екі рет өзімді өлтіруге тырыстым. Ең соңғы рет қыркүйек айында полиция қызметкерлері мені оның кінәсін «дәлелдеу» үшін бетпе-бет отыруға мәжбүрлейтін тергеуге апарғылары келген кезде болды.
Қараңғы түсіп кетті, мен кино көріп отырмын, кенеттен аяғымда қол сездім...
Бішкектен таксиге отырдым, олар маған жүргізушінің артынан орын ұсынды, біз жайбарақат бара жатыр едік, жолда барлығымен сөйлесе бастадық, кездестік, жүргізушінің 3 баласы бар үйленген, отбасы бар бұл жақсы. Менен басқа көлікте тағы 3 балалы әйел болған. Жол ұзақ. Жаз. Мен кроссовкамен жүрген едім. Шешіп қойдым, ал шұлықтарым қысқа болған. Сол уақытта менің екі балам бар, ол кезде аяғым ауыр еді. Қараңғы түсіп кетті, мен фильм көріп отырмын, кенеттен аяғымда біреудің қолын сезе бастадым. әрине, мен қорқып, қатты жұлқып алып, жүргізушіге қарадым, ол маған «Kechke ele kino koro beresinbi» деді бірақ мен үшін бұл өте жағымсыз болды, өйткені аяқ өте интимді жер, күйеуімнен басқа ешкім оған қол тигізбейді.
Біз келе жатырмыз, бәрін үйлеріне апара жатырмыз. Ош қаласын жақсы білмедім, оған тек мекен-жайды айтып едім, өз кезегімді күттім. Қонақ үйге аялдауым керек еді. Мен қонақ үйде боламын деген сөздерімнен қатты қорықтым. Ол дұрыс емес заттар ойлауы мүмкін еді. Біз соңғы эжешканы жеткіздік, ол қайтадан аяғымды қолымен ұстады. Мен кенеттен алып тастап, не істеп жатқанын сұрадым: «оо джон элий тиишип жатамда сұлу қыз». Қатты қорқып кеттім, өз мекен-жайыма жетемін бе деген ой келді. Мен жалғыз қалдым, ол мекенжайды ешбір жолмен таба алмады. 10 минут өтті, бірақ бұл 10 минут мен үшін мәңгіліктей болып көрінді. Не істерімді білмедім: көше бос, ешкім жоқ, әртүрлі ойлар келе бастады. Өз-өзімді тыныштандыра алмадым, бірақ ештеңе болмады, біз баратын мекенжай мен қонақүйді іздеп жатырмыз. Администраторға қоңырау шалдық. Ол дұрыс емес жолға түсіпті, оның дұрыс емес адреске кеткеніне ашуланып, көлікті қатты жүргізе бастады. Мен оған барлық ақшасын төлейтінімді айттым, бірақ жағдай ушыға бастады. Ақыр соңында қонақ үйге келдік. Мүмкін сырт көзге бұл жағдай мен елестететіндей жаһандық болып көрінбейтін де шығар. Бірақ мен өз мекенжайыма жетем бе деп қатты қорықтым. Анонимдікке үміттенемін.
Ол жеке өмірім, тұрмыстамын ба, қайдан келгенім туралы сұрақ қойды...
Мен Яндекс арқылы таксиге тапсырыс бердім.Жүргізуші басында тақиясы бар, сақалды ер адам еді. Бақытыма орай, жүргізуші маған жақындамады және физикалық алымсақтық болмады. Бастапқыда ол медициналық қызметкер болып жұмыс істеймін бе деп сұрады, өйткені әдемі және өте жағымды екенмін. Мен сыпайырақ жоқ деп жауап бердім. Әрі қарай жол бойы ол жеке өмірім, тұрмыстамын ба, қайдан келгенім туралы сұрақтар қойды. Қауіпсіздік мақсатында, тұрмыс құрмаған болсам да күйеуге шыққаныма біраз болды деп жауап бердім. Содан кейін ол: "Кешіріңіз, сіз өте әдемісіз және мен сізге екінші әйел болуды ұсынғым келген", - деді. Ол менің қайда жұмыс істейтінімді, неге онда жұмыс істейтінімді сұрай бастады, мен жауап бермедім.
Содан кейін ол өзінің діни көзқарастары туралы айта бастады және көп әйел алудың қалыпты жағдай екенін, қыздар мынандай болуы керек т.б. айта бастады. Мен жай ғана ұрыспай, баратын жерге тыныш жету үшін үнсіз келдім. Оның сұрақтарына жауап беруге мүдделі емес екенімді түсіндім. Баратын жерімнен 200 метр бұрын тоқтатуды өтініп, түсіп қалдым. Бұл адам мені үйден жұмысқа алып кеткендіктен, осы оқиғадан кейін өз қауіпсіздігім үшін қорқатын болдым. Такси қызметіне хабарласқанымда, олар жүргізушімен сөйлесетіндерін айтты. Өзіңді әдепсіз әрекеттерге моральдық тұрғыдан дайындап, барар жеріңе жеткенше бірдеңе айтуға қорқып, үнсіз отыратын такси қызметін пайдаланудың өзі қандай жаман.
Жолдың ортасында жүргізуші менің құрбымнан оның жеке өмірі туралы сұрай бастады…
Бұл менің құрбымның оқиғасы. Ол кездесуге кешігіп жатқан соң, таксиге тапсырыс берген. Такси жүргізушісі 50-55 жастағы азиялық келбетті адам болып шықты. Жолдың ортасында жүргізуші менің құрбымнан оның жеке өмірі туралы сұрай бастады: оның басы бос па, бос болса неге? Досым ешқандай арамдық күтпегендіктен ешкіммен кездеспейтінін ашық айтқан, өйткені ол оған таза «әкелік» қызығушылық танытты деп ойлаған. Оның жауабынан кейін жүргізуші менің құрбымның назарын аударуға тырысқан әрекеттерін бастаған. Тіпті ол оған панорамаға барып, жай ғана «жүруді» ұсынған. Құрбым діттеген жеріне жеткенше оның жиіркенішті қырындауына шыдауға мәжбүр болды. Бірақ ол шығып кеткен соң да, жүргізуші онымен танысуға тағы екі рет әрекет жасаған. Күні бойы оған қоңырау шалған көрінеді.
Көлікте 5 жігіт болды. Мен бір жігіттің жанында отырдым…
Көлікте 5 жігітпен бірге келе жаттық. Мен бір жігіттің жанында отырдым.Түнде ұйықтап жатқанда, біреу менің тіземді ұстап, сипалағанжай көрінді . Басында жай ғана ойларым шығар деп ойлап, мән бермедім. Бірақ содан кейін ол екенін түсіндім. Көлік тар және қараңғы болатын. Содан кейін мен оған ақырын ғана тоқтауын талап еттім.Бірақ бұл бірнеше рет қайталанған соң, қаттырақ әрі дөрекі айттым. Қалған ер адамдар естіген шығар, бірақ ештеңе деген жоқ. Ол әрекетін тоқтатты. Біз таза ауа жұту үшін тоқтаған кезде ол: «Кешіріңіз, Мен жайсыз ұйықтаймын», - деді.
Мен өзімді дәрменсіз, тіпті лас сезіндім. Мен жай ғана басында оған ренжімегеніме және такси жүргізушісіне айтпағаныма өкіндім, өйткені Мен тіпті «тоқта» дегеннің өзін ішкі жағдайымды ескере отырып сыпайы айттым. Шын мәнінде, мен әлі күнге дейін мұндай жағдайларда не істеу керектігін білмеймін. Бірақ үндемей қалмау керек.
Бұл оқиға жазда болған. Мен даяшы болып жұмыс істейтінмін. Сондықтан жұмыстан кеш шығатынмын...
Бұл оқиға жазда болған. Мен даяшы болып жұмыс істейтінмін. Сондықтан жұмыстан кеш шығатынмын. Түнгі сағат 12 шамасында телефонмен такси шақырайын деп шештім. Бірақ менде бірлік бітіп қалғандықтан, мен әріптесімнің телефон сұрап, сол арқылы тапсырыс бердім. Такси хабарлама арқылы болатын. Көлікке жалғыз өзім шықтым, мені ешкім шығарып салмады. Бұған дейін осы сынды оқиғаны бастан кешпегендіктен, ешқандай қорқыныш не үрей болған жоқ. Жүргізуші жанындағы алдыңғы орындыққа отырдым. Ондай оқиғалар туралы білгенім сөзсіз. Тек әдеттегідей ол менің басымнан өтпейді деген ой болды. Көлікке отырғаннан кейін, жүре бастадық. Орта жастағы еркек болған. Шыққан бойда ол менен атымды, жасымды, кіммен тұратынымды және т.б. заттарды сұрай бастады. Мен құлазып тұрғанмын, сол үшін әңгімені әрі қарай өрбітпедім. Сондықтан ол негізінен өзі жайлы сөз қозғай бастады. Атын айтты, әйелі барын, сосын жөні түзу еркек екенін айтты. Бірақ оның әңгімесі интимді салаға кете бастады. Ол менен романтик адаммын ба деп сұрап, осының алдында қарым-қатынасым болған-болмағанын сұрады. Өзі болса сол уақытта жөні түзу еркек екенін қайталай беріп,шаршағандығын сылтауратып, бір күнге ұмыт кетіп, сол уақытты мен сияқты қызбен өткізуге кет ары емес екенін айтты. Ол ойдың өзіне ұнағаны айдан анық, себебі ол негізгі трассадан бұрылып, маршрутты өзгерте бастады. Мен сескеніп, қорқа бастадым. Сабырлы дауыспен оған мені үйде күтіп отырғанын әрі оларға жолда келе жатқанымды ескертіп қойғанымды айттым. Ол өз кезегінде ештеңе етпейтінін, біздің тез босайтынымызды айтты. Сол уақытта менің телефонымда бірлік болмай қалды. Мен тіпті ешкімге қоңырау шала алмадым. Бірер минуттан кейін біз ағашқа толы бір белгісіз жерге келіп жеттік. Үйлер де, көлік те, ештеңе болған жоқ. Ол көлікті тоқтатты. Маған қарай бұрылып бар-жоғы кішігірім романтика жасаймыз деді. Кейін көліктен шығып, капотқа отырып, жан-жағына қарай бастады. Сосын мені жанына шақырды, қатты қорқып кеттім. Истерикаға жақын болдым. Екі минуттай сыртта күтіп, менің шықпай жатқаныма қатты ашуланды. Ол болса мені тоқтамай шақырып, жұлдыздарды көрсеткісі келді.
Сол уақытта ол көлікке жақындап, мен жақтағы есікті ашқан соң, қолын созды. Мен тырп етпедім. Дауысым дірілдеп, көзіме жас үйіріле бастады. Жыламауға тырыссам да солай болды. Менің үстімнен иіліп барып, қауіпсіздік белдігін шеше бастады. Мені көліктен күшпен шығарғысы келді. Қысқа уақытта арпалыса бастаған сол кез есімде толық қалмапты. Оны итеріп тастай алдым. Бірақ сол сәтте оның көзінен ашу мен ыза кернеп тұрғанын көрдім. Сол бір сәтте ол себепсіз қатты ашуланып, ойлана бастады да, көлікке долданып отырды. Ол кез жадымда аласапыран болып қалыпты. Біз трассаға қайтып шықтық. Мен тоқтауын өтіндім. Көліктен шыққаным сол еді, жүргізуші лезде кетіп қалды. Үйіме жаяу қайттым. Қалай жеткенімді білмеймін де. Киімім кей жерде жыртылып қалыпты. Ал шашымның ұйпа-тұйпасы шыққан. Үйге жете сала есіре бастадым. Ол уақытта тек құрыбыммен ғана тұратынмын. Келесі күні мен жұмыстан шығып, одан кейін ешқашан да даяшы болып жұмыс істемедім. Содан бері таксиге де бір өзім отырмайтынмын. Бірнеше ай бойы күйзеліс күйінде өткіздім. Ата-анама ештеңе айтпадым. Тек жанымда тұратын құрбыма айтып бердім. Милицияға барғым-ақ келді. Тек қана осыған ұқсас құрбымның жағдайында оны назарсыз қалдырды. Оның себебі зорлау актісі болмағандықтан. Қазір екі жыл өткеннен кейін ғана, ол оқиға туралы ат үсті айта аламын. Ал шынымен де зорланған қыздармен не болғандығын ойлауға да қорқамын
Такси жүргізушісі мені түнде сауық кешінен алып кетті, менің көңілім қатты түскен болатын.. Жүргізуші алкогольдің иісін сезіп, өзін еркінірек ұстай аламын деп шешті...
Такси жүргізушісі мені түнде сауық кешінен алып кетті, менің көңілім қатты түскен болатын.. Жүргізуші алкогольдің иісін сезіп, өзін еркінірек ұстай аламын деп шешті. Мені үйдің жанына әкелген соң есептегішті өшіріп, мені басқа жаққа алып кетті, үйімнен екі квартал алыс барып тұраққа тоқтады. Есіктерді жауып тастады, жүргізуші орындығын шалқалатып, менімен "танысуды"бастады. Мені көлікте бірнеше сағат ұстап, оған қандай қыздар ұнайтынын,ал қандайы ұнамайтынын айтты. Ұзақ көндіріп, өтінген соң мені үйге апарып тастады. Менің нөмірім такси қосымшасында көрініп тұратындықтан, ол маған мессенджерлерде жаза бастады. Сағынғанын, қайта көргісі келетінін айтты
Мен такси әкімшілігіне жазып, хабарламалардың скриншоттарын жібердім, жағдайды сипаттап бергенімде олар не істеу керектігін білмейтіндіктен полицияға хабарласуға кеңес берді. Мен полицияға не айтамын деп ойладым. Біздің заңда алымсақтық туралы түсінік жоқ, олар бұл жігітті романтик деп атайды. Ал егер оны шақырған күннің өзінде, жай ғана оның тәрбиесі туралы сөйлесіп, жағдайды ЕРПП тіркеп менің тұрғылықты мекен-жай, телефон нөмірімді білетіндіктен қудалауға себебі бар адамдар тізіміне қосады.
Таксист сыпайы болып, үйіме дейін жеткізіп салды. Дегенмен жақындай бастағанда ол менің сымбатты екенімді, жолды әрі қарай жалғастырмадық па деген сынды сөздер айта бастады...
Клубтан кейін үйіме жету үшін такси шақырдым. Ішіп алған болатынмын. Таксист сыпайы болып, үйіме дейін жеткізіп салды. Дегенмен жақындай бастағанда ол менің сымбатты екенімді, жолды әрі қарай жалғастырмадық па деген сынды сөздер айта бастады. Мен болсам қзімді әкем күтіп алатынын айтып, оған қоңырау шалғандай кейіп таныттым. Үйге жақындап келді, бірақ ол есікті бұғаттап тастап, белсенді түрде көндіре бастады. Маған «көпті көрген» шығарсың деді (*төл сөзін айттым*), ол да болса сау жігіт екенін айтып, мен алыста отырып, маған қол жеткізу қиын болғанына қарамастан байқамаған сынды қолын аяғыма тигізе бастады. Әуел баста мен ол ойнап істеп отыр деп ойладым. Ол менің айтқаныма құлақ аспады. Осылайша бұғатталған есіктермен бірнеше уақыт көлік ішінде отырдық. Содан соң ол біз әрі қарай жүреміз деп кері бұрыла бастады. Сол сәтте қатты қорқи бастап, көліктен белсенді түрде шыға бастадым. Қазір әкем шығатынын, менің әлі көлікте екенімді көретінін содан ашуланытын айттым. Ол бұрылып барып тоқтады. Мен оған дау шығарып, әкеме қоңырау шалғым келмейтінін, өзімнің үйге іріп, ақшаны алып, шыққаным артық дедім. Ол соған келісіп, есікті ашып, мені шығарды. Мен тез үйге қарай шықтым. Ол уақытта жер үйде жалғыз өзім тұратынмын. Егер таксиге төлемесем, ол үйге басып кіріп, жалғыз тұратынымды көреді деп қатты қорықтым, себебі қай есіктен кіргенімді көрген болатын. Бар күшімді жиып, ақшаны алып шықтым. Есіктің ашыла бастағанын көріп, оған жақындай бастады. Жартылай ашылған есік пен терезесі арқылы ақшаны бердім де, ол кетер деген үмітпен үйге тайып тұрдым. Ол кетіп қалды. Екі күннен кейін мен әлеуметік желілерден тауып алып жаза бастады. Қашан кездесетінімізді сұрай берді. Мен оған жауап бермей қойдым. Осылай бірнеше апта жүрді. Кейін тоқттаты.
Жабайы, жануарлық қорқыныш, ауру мен әрекетсіздік, жалғыздық. Мен таксиге отырмақ түгіл, үйден шыққым келмеді. Не істерімді, кімге айтарымды білмедім. Себебі менің өзімді айыптайды деп қорықтым. Қазір де мені айыптайтын шығар деп ойлаймын, тек қазір маған бәрібір. Маған әсер етті... әлі күнге дейін жүргізуші артына ғана отырамын, тура соның артына, кейбір көліктерде менің есігімді бұғаттай алатын батырманы ұстап отыруға тырысамын (оның тиімділігі аз екенін білемін, дегенмен де солай істеймін), одан кейін мен үшін таксиді таңдау өте маңызды – ол жүргізуші жайлы мәлімет пен көлік туралы ақпарат бар қызметтерді таңдауға тырысамын. телей и машины. Бұл қызметтер қымбат болсын, бірақ мен өзімді аздап қауіпсіз сезінемін, жүргізушілер мен көліктердің деректерін және серіктесіме, досыма жіберемін. Бұл жағдай соңғы емес болғандықтан, мен қараңғы болғаннан жалғыз жүрмеуге, оның үстіне мас болған кезде. Оның есімі әлі есімде. Мен әлі күнге дейін оның әлеуметтік желілердегі профильдеріне сүрініп кетемін.
Кешкі қарбалас уақыт болған соң таксилер келмеді. Мен Бішкек Парктің жанынан такси тоқтатуды жөн көрдім…
Біз уақытша Бішкек Парк сауда орталығының артындағы пәтерде тұрып жатқан болатынбыз. Кешкі қарбалас уақыт болған соң таксилер келмеді. Мен Бішкек Парктің жанынан такси тоқтатуды жөн көрдім. Сол жерде олар айқайлап клиенттерді шақырып тұратын. Сағат кешкі 8 болды. Мені Цумда құрбым күтіп алуы керек еді. Тыныш жеттік, бірақ, түспекші болып ақшасын төлеген соң есікті бұғаттап тастады. Бақытыма орай мен артқы орындықта отырған болатынмын, құрбыма қоңырау шалып қызыл түсті көлікпен келгенімді айттым. Жүргізуші телефон нөмірімді сұрап, кездесуге шақырды. Мен тұрмысқа шыққанымды айтқанда дауысы өзгеріп, сенбейтінін, тұрмысқа шықсаң қыдырып жүрмейсің ғой дегенді айтты. Ақыры құрбым көлікті тауып есігін қаға бастады. Мен көшеден такси ұстағаныма өкініп, шокта жүгіріп шығып кеттім.
Құрбымның үйінен шығып, таксиге отырдым. Жол бойы анау-мынау туралы сөйлесіп бардық. Жеткен соң мен ақша алып келе қоймақшы болдым…
Құрбымның үйінен шығып, таксиге отырдым. Жол бойы анау-мынау туралы сөйлесіп бардық. Жеткен соң мен қолма қол ақша болмаған соң ақша алып келе қоймақшы болдым. Ол бұрылып, қолын тіземе қойып:«Көжегім, үмкін біз келісіп, біраз уақытқа басқа жаққа барып қайтамыз?» - деді. Мен қатты қорыққанымен, түр білдірмей, ақаш алып келемін деп шығып кеттім. ліктен атып шыққанымда ол соңымнан қуды. Мен подъезге кіріп үлгердім. Қайта шығуға батылым жетпеді.
Мен жұмысқа кешігіп бара жатқан соң, "сенімді" Яндекс такси шақыруға тура келді…
Ол кезде 27 жаста едім, қазір 28-демін. Қырғызстан, Бішкек. Мен жұмысқа кешігіп бара жатқан соң, "сенімді" Яндекс такси шақыруға тура келді. Көлік тізгінінде Ала-тоо университетін бітірген ұқыпты және интеллегент жүргізуші болды. Білім туралы , тілдерді білудің маңыздылығы туралы сөйлестік. Бейтарап тақырыпта әңгіме болған сияқты. Сапар ұзаққа созылмағандықтан әңгіме де қысқа болды. Кешке такси жүргізушісі хабарлама жаза бастады. Менің жігітім бар екенін айтқаным оны тоқтатпады және ол үнемі жазып, порнографиялық сипаттағы суреттерді жіберетін. 5. Ол менің тұрғылықты жерімді білетіндіктен мені аңдуы мүмкін деген қорқыныш пайда болды. Бұл маған әсер етіп, енді таксистермен сөйлеспеймін. Құлаққап тағып алып, музыка тыңдап отырған түр жасап отыра беремін.
Я была на дне рождении подруги в баре и так вышло, что я сильно перепила. Кто-то из знакомых вызвал мне убер и посадил меня в машину, одну...
Я была на дне рождении подруги в баре и так вышло, что я сильно перепила. Такое крайне редко случается, но в тот раз я выпила слишком много шотов подряд. Видимо, я начала отключаться. Кто-то из знакомых вызвал мне убер и посадил меня в машину, одну. Видимо, водитель видел, что я плохо себя чувствую, я не видела, куда мы едем, хотя это было в 10 минутах от дома. В какой-то момент я посмотрела в окна машины и поняла, что мы свернули куда-то, в какие-то окраины, частный сектор, где никого не было. Он остановился, попросил выйти, чтобы я якобы проблевалась и не испачкала салон машины. В этот момент он начал обнимать меня сзади, трогать за бёдра и тд. Далее посадил обратно на заднее сидение машины и сам сел рядом, начал гладить ноги. Было очень страшно, я уже готовилась к худшему, но я как-то собралась и в достаточно жестком тоне выдавила «домой меня отвези». Понимаю, что мне было просто дико повезло, но он как-то испугался, видимо, пересел обратно за руль и повёз меня домой. По дороге начал мне говорить, мол, это ты же сама ко мне лезла, сама хотела и тд. А потом попросил денег, уже не помню, сколько, но куда больше, чем стандартная поездка такси и, мне кажется, поездка оплачивалась с карты, в принципе. У меня не было наличных, можно было бы просто выйти и убежать, конечно, но я побоялась, сходила к банкомату и отдала ему кэш.
Вернулась домой и быстро очень уснула. На утро проснулась с осознанием того, что мне очень-очень повезло было избежать изнасилования. Но и в это же время было, конечно, мерзко. Одновременно было стыдно за себя, что я перепила и, собственно, это стало причиной такого риска, с другой стороны я злилась на друзей, что они меня отправили в такси одну, хотя видели, что я почти в отключке. Со стыдом мне, к счастью, помогло справиться осознание того, что никакое твоё состояние или одежда не оправдывает насильника, это не должно быть смягчающим фактором.
Таңертең мен бұрынғы жігітімнің пәтерінен заттарымды алып кету үшін такси ұстадым. Телефонымның заряды таусылып қалған болатын. Таксиде «Яндекс такси» жапсырмасы болды…
Таңертең (таңғы 7-де) мен бұрынғы жігітімнің пәтерінен заттарымды алып кету үшін такси ұстадым. Телефонымның заряды таусылып қалған болатын. Таксиде «Яндекс такси» жапсырмасы болды.
Біз бүкіл қаланы кесіп өтіп жеттік. Барып есік қаққанымда ешкім болмаған соң, қайтып кеттім. Қайтар жолда мен ұйықтап қалыппын. Көліктің тоқтағаннан ояндым, такси жүргізушісі (үлкен толық ) адам мені есігімді ашып оята бастады. Біз қажетті жерде емес, қала сыртында едік. Ол мені қалайтынын және ол үшін менің ояу болғаным маңызды екенін айтты. Мен қатты қорқып, айқайлап, көлік нөмірін жаттап алғанымды, іздеп тауып, дереу милицияға баратынымды айта бастадым. Егер ол бостандықта қалғысы келсе дереу мені қалаға апаруын талап етттім.
Шамасы, бұл әсер етті ғой деймін. Кері қайтар жол бойы кешірім сұраумен болды. Ал мен өкіріп жыладым. Қалаға келгенде, жүгіріп, тура мағынасында айтсақ, қашып кеттім. Содан бері мен тек тапсырыс беріп қана таксиге отырамын. Маған бұл жағдайды жеңу үшін уақыт қажет болды, психологтың көмегінсіз еңсере алмайтын едім.