Таксидегі харассмент бойынша шағымдарды есепке алатын АҚШ-та 2017-2018 жылдары осындай құқықбұзышылық туралы
6 000-астам шағым тіркелген. Ал Өзбекстанда қоғамдық орындағы харассмент бойынша ресми мәлімет жоқ. Өзбекстанның ІІМ-нің жанындағы әйелдер ісі жөніндегі басқарманың басшысы Умида Абдуллаева харассменттің Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекс пен Қылмыстық кодекс бойынша құқықбұзушылық ретінде белгіленбегенін және сол себептен бөлек категорияда қарастырылмайтынын айтады. Жалпы, харассмент бойынша түсетін шағымдардың көбі Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша, «Ұсақ бұзақылық ретінде» қарастырылады. Бірақ харассер әрекетіне қарай басқа баптар бойынша да жауапқа тартылуы мүмкін. Өзбекстанның ІІМ-нің мәліметінше 2019 жылы әйелдердің құқығы бұзылғаны үшін 13 895 протокол толтырылған, ал 2020 жылдың 9 айында Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша 7 693 протокол толтырылды.
2020 жылдың 25-маусымында өзбекстандық ұжымдық петициялар порталына, әйелдерді қоғамдық орындағы, жұмыстағы және интернеттегі харассменттен қорғау туралы петиция қойылды.
Петицияны жариялау үшін, экспертизадан өту керек еді. Экспертиза белгіленген уақыттан асып, бір жарым айға дейін созылды. Ал 6-тамызда,
8 ер адамнан тұратын эксперттік комиссия «әйелдердің құқығы заңмен қорғалған» деген тұжырыммен петицияны кері қайтады.