Мен "5 сомондық таксилерді" жиі қолданамын. Бірде осындай таксиде мен әлі күнге дейін ұмыта алмайтын жағымсыз жағдайға ұшырадым…
Мен орталықта тұратындықтан және жұмысым үйіме жақын әрі үнемі жаяу жүретіндіктен, таксиге сирек тапсырыс беремін. Бірақ мен Душанбеде өте танымал «5 сомондық таксилерді» жиі қолданамын, өйткені олар автобусқа қарағанда арзанырақ және ыңғайлы. Бірде осындай таксиде жағымсыз жағдайға душар болдым. Ол жағдайды әлі ұмыта алмаймын. Мен таксиге отырдым, рөлде 25 жастағы жас жігіт болды. Мен оның «3» белгісін көрсетпей көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатқанын байқамайынша көліктегі жалғыз жолаушы болғаным мән бермеген едім. Мен оның бұл әрекетін түсінбей, құлаққабымды шешіп неге жолай жолаушы алмайтыны, неліктен сонша қатты жүріп келе жатқанын сұрадым. Ол тоқтап маған қарады да, менімен жалғыз болғысы келетіндіктен басқа біреудің кедергі келтіргенін қаламайтынын айтты. Мен үндемей көліктен шығуға тырыстым. Ол есіктерді бектіп тастаған соң мен GPS қосулы деп өтірік айттым, қазір жігітіме қоңырау шаламын немесе тіпті оны өзім ұрып тастайтынымды, бокспен айналысатынымды айтып қорқыта бастадым. Ол есікті ашып, кешірім сұрап, әзілдегенін айтты. Сол сәтте мен өзімді нашар, сезіндім. Осы жағдайдан кейін мен қараңғы немесе бос таксилерге отырмайтын болдым.
Бұл 3 жыл бұрын болған оқиға.Жолдың шетінен танымал компаниялардың бірінің таксиін тоқтатып отырым. Жүргізуші оны күте тұруымды өтініп, лимонад сатып алуға шығып кетті...
Оқиға 3 жыл бұрын болған. Құрбыммен бірге түскі астан кейін кеңсеге қайтып келе жатқанмын. Жол жиегінен танымал компаниялардың біріне тиесілі таксиді тоқтаттым. Жүргізуші күте тұруымды өтініп, лимонад сатып алуға шығып кетті. Ол тәтті толы пакет пен ойнақы көңіл-күймен оралды. Мен жүруді өтінген бағыттан ауытқып, мені мүлде басқа жерге алып барды. Сонымен қатар, жолда навигаторды өшіріп тастаған болатын. Ол маған әкелген тәттілерін ұсынып, киімімді тартқылай бастады. Мен сабыр сақтап оған ешқандай артық әрекетсіз мені жіберетін болса әмиянымды, телефоным мен қолымдағы бар алтынды беретінімді айттым. Бірақ ол тынышталмай, бір кезде мойнымнан тістеп алды. Ыңғайсыздық тудырған соң менің жаныма артқы орындыққа отыруға әрекеттенді. Осы сәтті пайдаланып мен сөмкем мен сырт киімімді көлікте тастап телефонды қолыма қысқан күйі қаша жөнелдім. Ол менің артымнан көлікпен қуды. Мен бірінші кездескен ашық қақпаға жүгіріп кіріп, күйеуіме қоңырау шалдым. Кейін мен шыққан кафенің жанындағы камерадан әлгі такси жүргізушісін таптық. Мен танымал тұлға болғандықтан, әрі сол кезде лауазымды қызмет атқарған соң артық шу көтергім келмеді. Біздің қоғам сондай, өзімді кіналап, еліктірген деп айтайтын шығар деген ой келді. Ал жүргізушімен күйеуім «еркекше» сөйлесті. Олкөп балалы әке болған соң (10 бала) кешірдік. Бірақ оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Менің орнымда жас қыз болғанда жағдайға икемделіп әрекет ете алмас еді.
Бұл 2010 жылы 11-сыныпта болды, мен 17 жаста едім. Қазір мен 28 жастамын...
Бұл 2010 жылы 11-сыныпта болды, мен 17 жаста едім. Қазір мен 28 жастамын. Бұл Тәжікстанның Душанбе қаласында караболодан диагностикаға дейінгі жолда болды. Мен мектептен кейін көлік күтіп тұрғанмын. Жаңбырдың астында тура сол көлікті менімен бірге күтіп 20 адам тұрды. 5 нөмірлі такси келді. Көліктің тізгінінде бір жігіт пен алдынғы орындықта жас жігіт отырды. Көлікке отыруға ниетті адам көп еді. Мен алғашқы болып машинаға міндім. Мен мінген соң жүргізуші бірден жүріп кетіп, көліктің есіктері жабылып қалды. Біз үшінші жолақтағы жолмен қатты жүріп келе жаттық. Алда отырған екі жігіт қобалжып, өзара сыбырласып сөйлесе бастады. Біз басқа бағытқа бұрылып кеттік. Мен сабыр сақтап, анама хабарласып көлікке мінгенімді, үйге келе жатқанымды хабарладым. Ал мұның бәрін ағылшынша айтқаным мені құтқарып қалды. Ағылшынша сөйлегенімді естіген соң олар менің қайдан екенімді, күйеуім бар ма дегенді сұрай бастады. Мен пілдің бейнесі бар сақина тағып жүретінмін, пілді аударып тағып, орысша ең жаман деген американдық акцентпен сөйлей бастадым.
Мен жергілікті емес екенімді, күйеуім Америка елшілігінде жұмыс істейтінін айттым. Олар бірден тыныштанып, біз қайтадан дұрыс бағытқа түстік. Жол бойы олар менің күйеуімнің кім екенін, менің немен айналысатыным мен біздің неге әлі балаларымыз жоқ екенін сұраумен болды. Ал мен күлімсіреп, сабырлы кейіп сақтауға тырыстым. Менің өмірім осыған байланысты болғандай өтірік айта бердім. Олар мені діттеген жерге жеткізіп тастады, ақша алған жоқ оның орынына нөмірімді сұрады. Мен ойдан шығарылған күйеуімді сылтауратып бас тарттым. Шығып бұрылыстан өткен соң бар күшіммен үйге қарай жүгірдім. Жүрегім дүрсілдеп соғып, жылап келемін. Осы оқиғадан кейін мен өзімді еш жерде қауіпсіз сезіне алмаймын. Себебі қоғамдық көлікте маған үнемі алымсақтық көрсетіп, қол жүгіртетін. Ал одан кішілеу көлікте ұрлап кете жаздады. Өз қаламда өзімді жайлы сезіну үшін көп жыл керек болды. Қазір кез келген таксиге отырған кезімде бүгін өмірім үшін күресуім мүмкін екенін біліп отырамын, әрі мен бұған әр кез дайынмын.
2017 жылы осыған ұқсас жағдай таудан қайтып келе жатқанда орын алды.
Мен ауылдан қалаға жорықтан қайтып келе жатқанмын. Жүргізуші жолдан кері бұрылып, мені қайтадан тауға алып кетті. Ол мені өзінің достарымен таныстырғысы келді. Мен оған көлікті тоқтатпаса бізді тауға не өзенге құлатып жіберетінімді айттым. Ол мені жезөкше деп атады да жібере салды))
Мен Душанбеден бірнеше минуттық жердегі Шахринав деген қаладанмын…
Мен Душанбеден бірнеше минуттық жердегі Шахринав деген қаладанмын, мен туысқандарымды көру үшін жиі барып тұрғаныммен ата-анаммен Душанбеге көшкелі бірнеше жыл болды. Шахринавтағы атама қонаққа барып келе жатып мен хаарссментке душар болдым, ол кезде мұның алымсақтық екенін түсінбейтінмін. Таксист маған аяқ астынан менің сырт келбетіме қатысты «сен сондай әдемісің, сенің еріндерің сондай әдемі» сияқты мақтау сөздер айта бастады. Мен өзімді ыңғайсыз әрі жағымсыз сезінсем де жүргізуші менен анағұрлым үлкен әрі күштірек болған соң өз қуаіпсіздігімді ойлап, дөрекі сөйлемеуге тырыстым. Осылайша маған бөлінген «ықыласты» үндемей басып тастауға тырыстымы. Құлаққабым менің құтарушым болды, таксиден түскен соң жеңілдеп, ішімдегі жағымсыз сезімнен құтылғанымды сезіндім. Бұл сапардан кейін өзім жалғыз таксиге отырмауға, белгілі бір бағытта кіммен бірге баруға мәжбүр болатынымды мұқият таңдайтын болдым.
Өткен жылы болған оқиғадан кейін өз қауіпсіздігім үшін қорқыныш пайда болды…
Мен Душанбеде оқимын және жұмыс істеймін, бірақ Вахдатта тұратындықтан кеш қайтқан сайын такси ұстаймын, бір жыл бұрынғы оқиға кесірінен таксиге отырған сайын қауіпсіздігім үшін алаңдаушылық пайда болды. .
Бір күні кешке таксиге отырғанымда ыңғайсыз жағдайдадушар болдым. Жүргізуші маған жағымсыз әрекеттер жасай бастады. Басында ол қырындаған кезде мен бермей, үндемеуге тырысқан болатынмын. Үйге жетіп қалған кезде менің нөмірімді сұрай бастағанда тағы жауап бермедім. Бірақ жеткен соң ол есікті бекітіп алып нөмірімді бермесем, есікті ашпайтынын айтты. Мұның бәрін шын айтып отырғандай болған соң, нөмірімді беруден басқа амалым қалмады, басқаша үйге жете алмайтын едім. Оның менен күштірек екенін түсінгендіктен өзімнің жұмыс істеп тұрған нөмірімді беруден басқа амалым қалмады. Өтірік нөмір бере алмадым, себебі, ол дереу қоңырау шалып, телефонымды көрсетуімді талап етті. Нөміріме қол жеткізген соң көлік есігін ашқан сәтте тезірек үйге жеткім келіп, бар күшіммен жүгіре жөнелдім. Мен жеткен соң бірнеше минуттан соң жүргізуші қоңырау шалғанда бірден бұғаттап тастадым. Құдайға шүкір оны бұл оқиғадан кейін ешқашан көрген емеспін. Қазір мен өзімді қорғай аламын, дегенмен, тасиге отырғанда өзімді толық қауіпсіз сезінбеймін.
Мен әрдайыи таксиде алымсақтыққа ұшыраймын, үнемі, кез келген сапарда алымсақтықты кездестіремін…
Мен Рудакиде тұрамын, бірақ Душанбеде жұмыс істеймін және таксиде алымсақтыққа жиі ұшыраймын, үнемі, кез келген сапарда алымсақтықты кездестіремін. Мен үйге кеш оралатындықтан кейбір такси жүргізушілері мені биші, бармен немесе жеңіл жүрісті қыз деп санайды, сондықтан менің көптеген оқиғаларым бар… Менің ойымша, менде жүргізушілермен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы иммунитет қалыптасқан, мен флирт пен мазаққа назар аудармаймын және кімге қалай жауап беру керектігі туралы түрлі фишкаларды блемін, өзімді қорғай аламын. Бірақ менің әлі күнге дейін реніш тудыратын бір оқиғам бар. Үйге қайтып бара жатып таксиге отырдым. Мен көліктегі жалғыз қыз едім, кеш болатын. Таксиге жолай шылқа мас еркек отырды, оның үстінен арақтың иісі мұңкіп тұрды. Ол менің қасымда отырып маған қырындады, қолымнан ұстап, өзіне тартуға тырысты. Мұның бәріне мен наразылық білдіріп, қатты жауап беріп отырдым, бірақ отырғандардың ешқайсысы маған араша түскен жоқ, бұл маған екі есе ауыр тиген болатын. Ақша төлеген менің қауіпсіздігімді қамтамасыз етуі керек жүргізуші де, бұл бассыздыққа жол бермеуі керек жолаушылар да маған араша түскен жоқ. Ол казиноның жанынан түсіп қалды, мен көз жасым мен ашу-ызамды әрең ұстап тұрдым, болған жайт менің көңілме қатты тиді әрі жиіркенішімді тудырды. Бұл жағдай маған психологиялық тұрғыдан қатты әсер етті, маған таксиге қайта қорықпай отыру үшін ұзақ уақыт керек болды.
Бірде мені жеңіл жүрісті қыз деп санап интим ұсынған такси жүргізушісімен бірге келдім. Әлдебір үйдің жанынан өтіп бара жатып, ол осында тұратынын, қазір әйелі мен балалары үйде жоқ екенін, үйге барып, жылынып, шай ішіп, бәрін тез жасай алатынымызды айтты. Мен оның сөздеріне ашуланып, ол мұны ұсынған кезде шектен шыққан жоқ па деп сұрадым. Ол маған: «Егер сен «осындайлардан» болмасаң кешір қарындасым», - деп жауап берді. Мен өзімнің мұндай жағдайда ұшырағаныма жиіркендім.
Мен жақында Душанбеге оқуға келдім, дәл осы жерде мен таксиде алымсақтыққа ұшырадым…
Мен жақында Душанбеге оқуға келдім, дәл осы жерде мен таксиде алымсақтыққа ұшырадым. Пенджикентте мен бұндайға тап болмаған едім, өйткені біздің қала кішкентай, әрі бәрі бір-бірін біледі, сондықтан бұл жерде ешқандай қысым жоқ...Душанбеде мен 5 сомондық таксиге отырғанда бірнеше рет алымсақтыққа ұшырадым. Мысалы, маған бір рет «чи мехри ки ика хушруи дхтарак?» (Сен не жейсің, неге мұндай әдемісің, қыз?), мен өзімді жаман әрі ыңғайсыз болдым, бірақ мен маған қандай да бір агрессия көрсеткенін қаламайтындықтан, ешқашан ештеңеге жауап бермеймін, Ал мен мұндайға наразылық білдірген қыздарды боқтап, айқайлағанын көрген болатынмын…
Таксидегі алымсақтыққа 2019 жылдың 1 желтоқсанында, ақ түсті " 3 " нөмірлі таксиіне отырғанымда ұшырадым…
Таксидегі алымсақтыққа 2019 жылдың 1 желтоқсанында, ақ түсті " 3 " нөмірлі таксиіне отырғанымда ұшырадым, жүргізуші жас жігіт еді, мүмкін студент шығар, ол жас көрінді. Мен кешігіп жатқан соң отырған болатынмын, бір кезде маған менің жалғыз жолаушы екенінім күмәнді көрінді, қанша жүріп келе жатсақ та жолай кездескен жолаушылар болмады. Бір сәтте ол маған әртүрлі сұрақтар қоя бастады, Мен онымен жалғыз болғандықтан қорқып кеттім. Оның барлық сұрақтарын елемегенім оған еш әсер етпей, одан әрі сұрақтар қойып, өзі туралы сөйлесуді жалғастырды. Бұдан кейін мен көлікті тоқтатуын өтіндім. Ол менен ақша алмай менің нөмірімді сұрады. Мен жай ғана ашуланған есікті жауып, кетіп қалдым. Бұл жағдай өте қорқынышты болды және ол артымнан нөмірімді қалдырса мені алып кететінін айттты. Бұл жағдай маған қатты әсер етті, мен бұдан былай мұндай 5 сомондық таксиге отырмаймын, бұл бірінші және соңғы рет болды. Мен қазір тек арнайы таксиге тапсырыс беремін, бірақ мұндай таксилерде де өзімді қауіпсіз сезінбеймін.
Мен алымсақтыққа Душанбеде жол бойында такси ұстаған кезде ұшырадым, бірнеше рет «достық комплименттерін» естіген болатынмын…
Мен Памирде тұрамын, сол жерде оқимын. Хорог — кішкентай қала, бәрі бір-бірін тарижы, ата-анаңның кім екенін біледі, менің ойымша, бұл менің онда алымсақтыққа ұшырамағанымның бір себебі. Бірақ мен Душанбеде жол бойында такси ұстаған кезде бірнеше рет қысым көрдім, көбінесе: «оо, сен өте әдемісің, көздерің, еріндерің және т.б.» сияқты «достыш комплименттерін» естимін. Мұндай сәтте мен өзімді өте ыңғайсыз сезінемін, бұрын үндемей, дөрекі болмауға тырысатынмын, бір кезде менің бір жерден екінші жерге жету үшін ақша төлейтінімді және менің сапарым өзіме жайлы болуы керек екенін түсіндім. Осыдан кейін үндемей қалмай, жауап беруге тырысамын. Әдетте мен олар мені жайыма қалдырып, барар жеріме тыныш жеткізу үшін дауыс көтеріп, кейде тіпті дөрекі жауап беремін. Жалпы, мен түнде таксиге отырмауға тырысамын, өйткені мен өз қауіпсіздігім үшін қатты қорқамын.
Такси келген соң, жүргізуші оның алдыңғы орындыққа отыруы керегін айтты...
Жалпы, бұл оқиға Корвонда, түске таман үйге қайту үшін 33-33 таксиге тапсырыс бергенде орын алған. Такси келген соң, жүргізуші оның алдыңғы орындыққа отыруы керегін айтты, бұл оған біртүрлі болып көрінді, асығыс болған соң оған көп мән/назар аудармаған. Жүргізуші жас жігіт еді. Сапардың басында жүргізуші үндемегенімен, кейін оған ұзақ тесіле қарай бастаған, содан кейін ол оның келбеті туралы мақтау сөздерге көшті, жолаушы қыз үнсіз жымиған соң ол кейін оның бетін, қолын ұстап, кім екенін, немен айналысатынын, қайда оқитынын сұрай бастаған. Осыдан кейін жолаушы қыз таксиді тоқтатуды сұрады, жүргізуші енді мазасын алмайтынын айтқанымен біраздан соң ол қайтадан қызға қол жүгіртіп, тиісе бастаған. Қыз дауыс көтеріп, таксиді тоқтатуды талап ете бастады. Құдайға шүкір, жүргізуші тоқтаған соң, ол тез қашып құтылды.
Жалпы, таксидегі алымсақтық жағдайлары аз емес, бірақ бір оқиға басқаларға қарағанда есімде жақсы қалған болатын...
Жалпы, таксидегі алымсақтық жағдайлары аз емес, бірақ бір оқиға басқаларға қарағанда есімде жақсы қалған болатын. Мен әдетте институтқа «3» нөмірлі таксимен барамын. Мен таксиге отырғанда, менің қасымда тағы төрт адам отырды, сәл кейінірек олар түсіп қалып, мен жалғыз қалдым. Жүргізуші кенеттен менің қайда оқитынымды, қаншаа екенімді, немен айналысатынымды сұрай бастады. Мен оған қырындауға себеп бермедім, артқы орындықта өз шаруаларыммен айналысып отырдым, кенеттен ол маған қандай әдемісің сияқты мақтау сөздерін жаудыра бастады. Сосын ол басым бос па дегенді сұрап, өзінің қандай күшті екенін айта бастады. Мен бейтаныс адамдармен сөйлескенді ұнатпаймын, сондықтан оның сұрақтарын елемей, институтқа жеткенше күттім, таксиде отырғанда өзімді өте нашар сезіндім және тек шыққан соң ғана жеңілдедім…
Дала суық. Мен Сафина ТВ-ның жанында көлік күтіп тұрмын. Сағат кешкі 8-ге таяғанымен, мен әлі үйге жеткен жоқпын. Анам кешіккенім үшін ұрсады деген қорқыныш болды...
Дала суық. Мен Сафина ТВ-ның жанында көлік күтіп тұрмын. Сағат кешкі 8-ге таяғанымен, мен әлі үйге жеткен жоқпын. Анам кешіккенім үшін ұрысады деген қорқыныш болды. Менің бағытым бойынша жүретін «25» такси келе жатты. «5 сомонды қойшы» деп такси тоқтаттым. Жүргізуші мен туралы сұрақтар қоя бастағанда көпшіл шығар деп абайлап жауап беріп отырдым. Ол менің атымды, жасымды, қайдан екенімді, қайда оқитынымды, немен айналысатынымды сұрай бастады. Мен оның нақты жер туралы жауаптарынан қашқақтап, «осы жерден» деп жауап беріп отырдым. Бірнеше минут өткен соң ол: «таксиге отырғанда сенің қасында тұрған жігіт кім?» деп сұрады. Мен оның досым екенін айттым. Ол біздің қандай қарым-қатынаста екенімізді сұрай бастады. Менің жай дос екенімізді айтқаныма: «Мүмкін жігітің шығар?» деп сұрай берді. Кейін, мен туралы көбірек сұрай бастады. Артқы айнаға жиі қарап, менің әдемі екенімді айта берді. Менің байланыс нөмірімді сұрай бастады. «Менде телефон жоқ» деп жауап бердім. Осы сәтте алаңдап, таксиді тоқтатуын өтініп, шығып кеттім. Шығып бара жатқанымда ол күдікті дауыспен «кездескенше» деді.
Әр кез жолдан такси тоқтатқан сайын, қырындаудың небір түріне тап боламын...
Душанбеде оқимын және жұмыс істеймін және бірнеше рет таксиге отырдым. Әр жолы такси тоқтатқанда әрдайым «мемрм барот ика хушруи чон» (сен үшін өлуге дайынмын, қымбаттым) сияқты мақтау сөздерін естимін, нөмірімді жиі сұрайды. Әдетте жауап бермеймін және барар жеріме жеткенше күтемін. Меніңше, мұндай жағдайларда елемеу — жалғыз дұрыс шешім. Өткен жылы болған бір оқиға маған қатты әсер етті, бұл сөздің жаман мағынасында. Бір рет таксиде жолаушылардың бірі, 25 жастағы жас жігіт маған тиісе бастады, мен көлікте жалғыз қыз едім. Көліктегілердің ешқайсысы маған араша түспеді. Керісінше, жігіттер оны менің солай қырысып отырғаным сияқты санлырашты айтып, одан әрі тиісуге итермелеуге тырысты. Мені тек тыңдап келе жатқан музыкамның арқасында сабыр сақтадым. Осы оқиғадан кейін мен енді тек жігіттерге толы таксиге отырмаймын.
Таксидегі алымсақтыққа 26 жылдың 2020 шілдесінде тап болдым. Мен 5 сомондық такси отырып, Маяковскийден Садбаргқа барған едім…
Таксидегі алымсақтыққа 26 жылдың 2020 шілдесінде тап болдым. Мен 5 сомондық такси отырып, Маяковскийден Садбаргқа барған едім. Жүргізуші жас жігіт болған, «орыс қызысыңба?» деп сұрады, мен иә деп жауап берген соң, ол менің ұлтым, шығу тегім туралы көп сұрады, мен барар жеріме жетуім жауабыма байланысты сияшты жауап беріп отырдым. Бір сәтте мені таксиде жалғыз жолаушы екенім қатты алаңдатты, мен қорқып кетіп, жігітім маған қоңырау шалып, онымен сөйлесе бастағандай кейіп таныттым. «Сен мені күтіп тұрсың ба сүйіктім, таксиге тырдым қазір келемін»деп сөйлесе бастадым. Тіпті бұл әрекетім оны тоқтата алмады, ол маған қырындап, нөмірімді сұрады, менен Садбаргта тұрамын ба дегенді сұрады, мен тәтеме келдім деп жауап бердім. Бұл мен үшін жиіркерішті жағдай болды, содан кейін мен жалғыз таксиге отырмаймын немесе бос таксиге отырмауға тырысамын.
Ересек әйел болған соң көбіне жәбірленушіден гөрі біреуге жасалған алымсақтықтың куәгері боламын...
Ересек әйел болған соң көбіне жәбірленушіден гөрі біреуге жасалған алымсақтықтың куәгері боламын және жас қыздар бұған көп ұшырайтынын байқаймын. Мен өзімнен гөрі қыздарым үшін қорқамын.
Бірақ таксидегі алымсақтыққа мен де тап болғанымын. Бұл оқиға екі жыл бұрын 5 сомондық таксиге отырып, Баспа үйінен Цумға барар жолда орын алды. Мен жұмысқа бара жатқан едім, таксиде менен басқа ешкім жоқ екеніне назар аудармадым, таңертең шыққан соң маған қалыпты жағдайдай көрінді. 40 жастағы ер адам менімен әңгіме бастап, менің күйеуім, балаларым бар ма деп сұрады. Ол өзін мақтай бастады, мен оның барлық сөздеріне мүлдем мән бермегеніммен айтқандары маған ұнамады. Менің аяқтарым туралы мақтаулардан кейін мен оны әдепсіз қылығы үшін ұялтуға тырысып, прокуратурада жұмыс істейтін күйеуім бар екенін айттым. Бұл оны, қорқытып, кешірім сұрап барар жеріме жеткізді. Осы оқиғадан кейін мен қыздарымның қауіпсіздігінен қатты алаңдаймын және әрқашан оларға кеш қалмауға, бос таксиге отырмауға және біреумен бірге жүрмеуге кеңес беремін.
Мен үнемі дерлік қоғамдық көлікте алымсақтықтың куәгері немесе құрбаны боламын, бірақ мен ешқашан таксиде алымсақтық куәгері боламын деп ойлаған емеспін...
Мен үнемі дерлік қоғамдық көлікте алымсақтықтың куәгері немесе құрбаны боламын, бірақ мен ешқашан таксиде алымсақтық куәгері боламын деп ойлаған емеспін. Қалай болғанда да, досыммен бірге жолда такси ұстағаннан кейін мен алымсақтыққа ұшырадым, біз мектептен қайтып келе жатқанбыз, жол бой сөйлесіп бардық, содан кейін ол түсіп қалып, қалған жол бойы мен жүргізушімен жалғыз қалдым. Жүргізуші менімен еріксіз сөйлесе бастады, менің 8 мектепте, қай сыныпта оқитынымды сұрай бастады, бастапқыда оның сұрақтарына жауап беріп отырғаныммен бір кезде оның маған қалай қырындап, астарлап сөйлеп маған қандай әдемі екенімді, ұзын шашым бар екенін және қандай әдемі келін бола алатынымды айтып біртүрлі мақтау сөздер айта бастағанын байқадым. Ол менің нөмірімді сұрап, қазір үйленгісі келетіні, қазір әйел іздеп жүргенін, мені ұнатқанын айтты. Мен жауап бермедім және құлаққабымды тағып алдым, ол көлікті тоқтатып, сол құлағымнан құлаққапты тартып алды, мен оған айыптай қарап, оны ұялтцға тырысып қарындасындай қыз екенімді айттым. Ол маған бұрылып, мұның бәрі әзіл екенін айтты. Үйге жақындаған кезде мен таксиден шығып, бәрі артта қалды деп өзімді тыныштандыра бастадым. Мен артыма бұрылғанда әлгі жігіттің әлі кетпей, менің артымнан келе жатқанын байқадым да бағытымды өзгертіп, үйлердің арасымен тез-тез жүріп кеттім. Осы оқиеадан кейін мен таксиге жалғыз отырмай, көбірек жаяу жүруге тырысатын болдым.
Мен таксиге жиі тапсырыс беремін, және мағана айтылған мақтау, тамсануларды жиі естимін және бұған назар аударуды тоқтаттым...
Мен таксиге жиі тапсырыс беремін, және мағана айтылған мақтау, тамсануларды жиі естимін және бұған назар аударуды тоқтаттым. Мен әр жүргізушімен қалай сөйлесу керектігін, ол мені жайыма қалдыру үшін не істеу керектігін білемін. Менен нөмірімді және менің жігітім бар ма дегенді жиі сұрайды. Бірақ бірде мені қатты қорқытқан біртүрлі такси жүргізушісін кездестірдім. Оның айтқандарын елемей, «номерота акы намети дхтараки хушру?» (маған нөміріңізді берсеңізші, сұлу қыз?) дегеніне: бұл өмірде бермеспін деп жауап бердім. Осыдан кейін ол бірдеңе деп міңгірдеп, көлікті жоғарғы жылдамдықта айдай бастадыю. Мен жылап қоя жаздап көлікті тоқтатуын өтіндім. Құдайға шүкір ол көлікті тоқтатты. Мен есікті тарс жауып кетіп қалдым. Өліп қайта тірілгендей сезімді бастан кешірдімжәне ұзақ уақыт бойы таксиге отыра алмай жүрдім, бірақ, қазір ол қорқынышымды жеңе алдым.
Мен құрбыларыммен қыдырып болған соң қаланың бір шетіндегі әпкеме қайттым. Біздің қаламызда бейресми маршруттық такси бар...
Мен құрбыларыммен қыдырып болған соң қаланың басқа жағындағы әпкеме қайттым. Біздің қаламызда бірнеше адам отыратын, бейресми маршруттық такси бар. Бұл жолы таксиге менен басқа ешкім отырмады, ол жол бойы мақтау сөздер айтып, жеткен соң есікті бұғаттап алып, шығармай қойды. Ғашық болып қалғанын және үйленгісі келетінін айтып, нөмірімді сұрады. Мен ағама қоңырау шала бастағанда ол есікті ашты. Есікті үш минутқа ғана бұғаттаса да, қайтадан маршруттық таксиге отырмау үшін жеткілікті болды.
Бұл оқиға жазда қүрбым екеуміз Айни паркіне жету үшін №3 таксиде отырғанда орын алды. Жүргізуші шамамен 24-26 жастағы, қалың сақалы бар жас жігіт болатын...
Бұл оқиға жазда құрбым екеуміз Айни паркіне жету үшін №3 таксиде отырғанда орын алды. Жүргізуші шамамен 24-26 жастағы, қалың сақалы бар жас жігіт болатын. Алдыңғы орындықта оның жанында онымен жасты тағы бір жігіт отырды (кейінірек оның досы екені белгілі болды). Сонымен, ол үлкен жылдамдықпен жүре бастағандықтан біз бірден алаңдадық, бірақ қандай да бір себептермен баяу жүруді немесе тоқтауды сұрамаппыз. Мүмкін біз сол сәтте шошығаннан болар. Межелі жерге жеткенде біз тоқтауды сұрап, ақшасын төлеп түскіміз келді. Бірақ оның есікті бұғаттап тастағанын байқадық. Есіктерді ашуды өтінгенімде ол менің нөмірімді сұрай бастады. Егер нөмірімді берсем, ол бізді жіберетінін айтты. Оның ұзақ көндірген өтініштерінен кейін мен нөмірімді бердім, ол көліктің есігін ашты. Содан кейін біраз уақыт маған бейтаныс нөмірлер хабарласып жүрді, бірақ бұл такси жүргізушісі болды ма, жоқ па, нақты айта алмаймын, өйткені ешқашан жауап берген емесін. Жүргізуші болып шыға ма деп қорықтым. Біз ешқайда жүгінген жоқпыз, әрі көліктің маркасы мен нөмірін есте сақтай алмадық. Ол кезде біз тек тезірек қашып құтылуды ғана ойладық.
Екі жыл өтсе де жеке таксиге отырудан қорқамын, отырар болсам, міндетті түрде туысқандарыма хабарласып айтамын, неге екені белгісіз үнемі жүргізушінің артына отыруға тырысамын, осылайша өзімді аз да болсын қауіпсіз сезінемін.
Мен Ашанға жету үшін таксиге тапсырыс бердім, құрбым екеуміз киноға барғымыз келді, такси жүргізушісі алдымен үнсіз отырды...
Мен Ашанға жету үшін таксиге тапсырыс бердім, құрбым екеуміз киноға барғымыз келді, такси жүргізушісі алдымен үнсіз отырды да біраздан кейін кіммен, қайда кездесетінімді және сол сияқтыларды сұрай бастады. Сосын ол менің жігітім бар ма дегенді сұрады, мен жауап бергім келмейтінін айттым, ол менің телефон нөмірімді сұрады, Мен жақында SIM картасын ауыстырамын дедім, сондықтан менің нөмірім «жұмыс істемейді», бұл сәтте мен өзімді өте ыңғайсыз сезіндім және көлікті тоқтатуды сұрадым. Мүмкін, менікінен де нашар болғандар бар шығар, бірақ мен өзімді өте жағымсыз сезіндім. Мен таныс емес 40 жастағы ер адамның жеке сұрақтарына жауап беруді емес, Ашанға тыныш барғанды қаладым.
Мен өзімді өте жағымсыз сезіндім, мұндай жағдай қайталануы мүмкін екенін білетіндіктен қазір де таксиге тапсырыс беруден қорқамын. Сондай-ақ менің мұғалімімнің маған айтып берген оқиғасын да айтқым келіп отыр. Оның айтуынша, оқушысы такси жүргізушісі есікті бекітіп алып, нөмірін сұрап жібермей қойғандықтан сабаққа кешігіп қалған. Тек қыз жылап, босатуын өтінген кезде ғана жіберген көрінеді. Маған мұғалімім үнемі таксиде абай болуымды ескертеді.
Такси. Есікті бұғаттап алып, нөмірімді сұрай бастады, «шығармаймын»,- деді...
Такси. Есікті бұғаттап алып, нөмірімді сұрай бастады, «шығармаймын»,- деді, оны ашуландырмас үшін жұмыс істемейтін нөмірімді бердім, осылайша бәрін бейбіт шешудің сәті түсті.
Душанбеде бес сомондық такси бар. Солардың бірінде кешке жұмыстан қайтып келе жатқанмын...
Душанбеде бес сомондық такси бар. Солардың бірінде кешке жұмыстан қайтып келе жатқанмын. Менің қасымда 50-60 жастағы ер адам отырды. Сапар барысында ол алдымен кездейсоқ, содан кейін менің аяғыма айқын және сенімді түрде тиіп, ұстап, сипалады. Мен ашуланған кезде ол таң қалған кейіп жасады, ал жүргізуші мені ересек адамға жала жапты деп айыптады.
Жақында Мен «Садбарг» СО-нан шығып, жолдан такси тоқтаттым. Көлік жақындағанда жүргізуші, 3 нөмірі бар тақтайшаны көрсетті, мен оны тоқтаттым...
Жақында Мен «Садбарг» СО-нан шығып, жолдан такси тоқтаттым. Көлік жақындағанда жүргізуші, 3 нөмірі бар тақтайшаны көрсетті, мен оны тоқтаттым. Таксиге отырғанда, менен басқа, алдыңғы орындықта тағы бір жігіт болды. Ол бірнеше аялдамадан соң шығып кетті, ал мен такси жүргізушісімен жалғыз қалдым. Басында ештеңе болған жоқ, бірақ бірнеше минуттан кейін такси жүргізушісі (30-35 жаста) бұрылып, маған күлімсіреп қарады. Ол менің жасым қанша, қай сыныпта оқимын және қайда тұратыным туралы сұрақтар қоя бастады. Мен ол жай ғана көпшіл деп ойлап, кейбір сұрақтарына жауап бердім. Содан кейін ол менің телефон нөмірімді сұрады және кездесуді ұсынды. Мен қатты қорқып, оған нөмірімді беруден бас тарттым, бірақ ол неге мен онымен сөйлескім келмейтінін және менің жігітім бар ма дегенді сұрады. Осыдан кейін ол тағы 5 минут мені батыр сияқты қорғауға және барлық мәселелерімді шешуге уәде берді + мені қорғайтынын айтты. Мен машинаны тоқтатуды өтінсем де, жоғары жылдамдықпен айдай берді. Құдайға шүкір, бір бағдаршамның қызыл түсі жанып, бағдаршамның жанында үлкен кептеліс пайда болды. Мен бірден есікті ашып шығып кеттім.
Әуелі бастан жүргізуші өте жылдам жүрді, бірақ бірнеше минуттан кейін ол маған таныс емес бұрылысқа бұрылып, жылдамдықты азайтты...
Таксидегі алымсақтыққа осы жазда тап болдым.
Қосымша сабақтан кейінгі жұмыс күндерінің бірінде үйге қайту үшін такси ұстадым. Баратын жерімді көрсетіп, құлаққап тағып, лентамды қарап тұрған болатынмын. Әуелі бастан жүргізуші өте жылдам жүрді, бірақ бірнеше минуттан кейін ол маған таныс емес бұрылысқа бұрылып, жылдамдықты азайтты. Мені адам аз орынға апарып, айтқандарыма құлақ аспай, есікті бекітіп, жылдамдықты азайта бастады. Тоқтағаннан кейін ол маған артқы орындыққа ауыспақ болды. Мен оны ұрып, итеруге тырыстым, бірақ ол мені өзіне тартып, қолымнан ұстап тұрып, аузымды жаппақ болды. Бірнеше секундтан кейін машинаның артынан көліктің сигнал естілді, бұл оның назарын аударған болатын, осы сәтте есіктің құлпын ашу түймесін басып, сыртқа қарай жүгірдім. Арттағы көлік маған қатты көмектесті, өйткені ол шығатын жерді жауып, менің артымнан шыққан жүргізушіні көріп, соған қарай беттеген болатын. Жақын жердегі дүкенге жетіп, қайда екенімді және қажет жерге қалай жететінімді сұрадым, мен көшемнен 10 минуттық жерде екенмін.
Мен келесі апта бойы үйден шықпадым. Тағы бір апта бойы досым (ол мені бала кезімнен білетін) өндірістік тәжірибеге апарып жүрді, содан кейін мен жеке жүргізушімен бірге жүре бастадым және әлі күнге дейін жүргізушімен бірге жүремін.
Екі жыл бұрын мен таксиде алғаш рет маршруттық «3» нөмірлі таксиіне отырдым, жүргізуші маған алымсақтық көрсетті, ал досы оны қолдады...
Екі жыл бұрын мен таксиде алғаш рет маршруттық «3» нөмірлі таксиіне отырдым, жүргізуші маған алымсақтық көрсетті, ал досы оны қолдады. Ол маған жағымсыз, ыңғайсыз мақтау сөздер айтты. Мен одан бірнеше рет тоқтауды өтіндім, бірақ ол жоғарғы жылдамдықпен жүруін жалғастырды, досымен бірге бір «керемет» жерге апаратындары, маған ол жердің ұнайтынын айтты. Менің тізем қорқыныштан дірілдеп, олар мені бір жерге апаруы мүмкін екенін, маған ешкімніі көмектесе алмайтыны ойлап, жылағым келді. Мен айқайлап, көлікті тоқтатуды сұрадым, ал олар тек күлді... Мені құтқарған нәрсе, жүргізуші басқа машинаны жоғары жылдамдықпен қағып, артқы жағына кіріп кетті. Ал ол амалсыздан, сол жүргізушімен сөйлесу үшін көліктен шығуға мәжбүр болды. Осы кезде мен көліктен шығып, қашып үлгердім. Көп уақыт өтсе де, мен әлі күнге дейін 5 сомондық таксиге отыра алмаймын, оларды енді қолданбаймын. Мен үнемі таксиге тапсырыс беремін, мені ұрлауға тырыспайтынына сенімді болғаным ақшадан да артық. Бұл оқиғадан кейін мен өзімді нашар сезіндім және бұл күйзелісті қайта бастан кешкім келмейді, Мен өзімді болған жағдай үшін ұзақ уақыт бойы кінәладым, өйткені мен сол күні қысқа белдемше киген болатынмын, өзімді оларды бұған итермелей аламын деген оймен кінәлі сезіндім. Бірақ қазір бұл менің кінәм емес екенін және киім сізді адамға бірдеңе жасауға итермелей алмайтынын түсіндім.
Мен темекі шегемін, таксиге тапсырыс берген кезде маған темекі шегуге болатын салоны бар такси жіберуді сұраймын. Әрдайым дерлік такси жүргізушілері маған қандай да бір ақыл айтады...
Мен темекі шегемін, таксиге тапсырыс берген кезде маған темекі шегуге болатын салоны бар такси жіберуді сұраймын. Әрдайым дерлік такси жүргізушілері маған «сен қызсың, сен әлі бала туасың, темекіні таста» сияқты ақыл айтуға тырысады, кейбіреулер әңгімелескісі келеді, сырт келбетіме қатысты әр түрлі мақтау сөздерді жиі естимін. Ох, бірде мен темекі шегіп отырғанда, такси жүргізушісі маған қырындады, мен онымен сөйлеспедім, бір кезде сене аласың ба, маған марихуана шегуді ұсынды, ол шынымен қалташасынан гаш (марихуана тозаңы) шығарып, тоқтап, шегуді ұсынды. Бұл «Рахш» такси қызметінің жүргізушісі болатын. Мен шошып кетіп, әрі қарай жүруді өтіндім, жол бойы мен онымен сөйлеспедім, ол көлікті әрі қарай үнсіз жүргізді.