Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің маманы Эльвира Токтоболотованың айтуынша, қазіргі таңда электр көліктерінің аккумуляторларын қайта өңдеу мәселесі әлемдік деңгейде өзекті болып отыр.
«Алдыңғы қатарлы елдердің өзінде бұл аккумуляторларды қайта өңдеу механизмі әзірленген жоқ. Қазіргі уақытта біз Жапония, Германия, Ресей тәжірибесін зерттеп және кәдеге жарату механизмін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құжаттарды дайындап жатырмыз. Дегенмен, аккумуляторларды 100 пайыз қайта өңдей аламыз ба, жоқ па, әзірге дөп басып айта алмаймыз», - деген ол утиль адым адынатын тауарлар тізімін бекіту жөніндегі қаулы жобасы президент әкімшілігіне жіберілгенін атап өтті.
Эльвира Токтоболотова 2023 жылы Қырғыз Республикасының «Өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы» заңы жаңа редакцияда қабылданғанын еске салды. Қазіргі таңда бірнеше заңға қосалқы заң жобалары әзірленуде, соның ішінде тауарларды декларациялауға, утильалымдарға және өңдеуші компанияларға есеп беру ережелеріне қатысты баптар бар.