Айта кетейік, осы жағдайға алаңдаған Өзбекстан үкіметі экологиялық зиянды қалдықтарды кәдеге жаратуды реттеу шараларын қолға алуда. 2023 жылғы мамырда Президенттің
жарлығы шығып, онда химиялық энергия көздерін өндірушілердің жауапкершілігін кеңейту және олардың айналымы мен кәдеге жаратуын бақылау жүйесін құруды көздейтін құжат жобасын әзірлеу тапсырылды.
Осы қаулы аясында Экология министрлігі бірнеше құжат әзірледі.
«Қалдықтар туралы» заң жобасы,
«Қалдықтарды басқару саласындағы экономикалық тетіктерді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығының жобасы және
«Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің экономикалық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығының жобасы.
Қазір бұл ведомства Біріккен Ұлттар Ұйымының оқыту және зерттеу институтымен (ЮНИТАР) және Тұрақты даму орталығымен (Қазақстан) бірлесіп, республикадағы электронды қалдықтарды басқарудың нормативтік-құқықтық базасын зерттеуді жоспарлап отыр.